Блог статистикасы
195
Жазбалар
3605
Өтініштер
152837
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Развитие МСБ

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жағдайы туралы ақпарат

2018 жылғы 1 қазан жағдайына бойынша облыста 51 604 жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (бұдан әрі - ШОК), ол 2017 жылдың сәйкес кезеңінің 103,9 % құрайды, оның ішінде 7 123 – шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 163 – орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 38 671 – жеке кәсіпкерлер мен 5 647 – шаруа қожалықтары. ШОК жұмыс істейтін субъектілерінің басым бөлігі Қостанай қаласына (23 968 бірл.), Рудный қаласына (6 364 бірл.), Қостанай ауданына (2 969 бірл.), Арқалық қаласына (2 096 бірл.), Жітіқара ауданына (1 809 бірл.), Лисаков қаласына (1 570 бірл.), Федоров ауданына (1 584 бірл.) шақ келеді.

2018 жылғы 1 шілдегі жағдай бойынша ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың саны 155 198 адамды құрайды, ол өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,6 % артық, оның ішінде шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларында – 50 571 адам, орта кәсіпкерлікті заңды тұлғаларында – 23 926 адам, жеке кәсіпкерлікте – 70 373 адам, шаруа қожалықтарында – 10 328 адам жұмыспен қамтылған (мәліметтер тоқсан сайынғы негізде жасалып тұрады).

2018 жылғы қаңтар-маусым айларында шағын және орта бизнес субъектілері шығарған өнімдердің өндірісі 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 20,1 % артқан және 328 244 млн. теңгені құраған (НКИ 113,2%), оның ішінде шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 208 700 млн. теңге сомасына, орта кәсіпкерлікті заңды тұлғалары – 89 069 млн. теңге сомасына, жеке кәсіпкерлер – 26 634 млн. теңгеге, шаруа қожалықтары – 3 841 млн. теңгеге өнім өндірген (мәліметтер тоқсан сайынғы негізде жасалып тұрады).

2018 жылдың 8 айында екінші деңгейдегі банктердің филиалдары шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 26 794,2 млн. теңге сомасына кредит берген, ол өткен жылдың сәйкес кезеңінен 38,8 % артық.

Салалық құрылымда кредит берудің ең үлкен көлемі сауда қызметіне – 43,6 %, ауыл шаруашылығына– 13,6 % және өнеркәсіп үлесіне – 33,1 % шақ келеді.

Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген орташа есептелген пайыздық мөлшерлемесі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайыздық пунктке төмендеп және 13,1% құраған.


хат жіберу