Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
193449
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Развитие МСБ

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жағдайы туралы ақпарат

2019 жылғы 1 қазан жағдайына бойынша облыста 55081 жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (бұдан әрі - ШОК), ол 2018 жылдың сәйкес кезеңінің 106,7 % құрайды, оның ішінде 7740 шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 145 – орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 41091 – жеке кәсіпкерлер мен 6105 – шаруа қожалықтары. ШОК жұмыс істейтін субъектілерінің басым бөлігі Қостанай қаласына (25632 бірл.), Рудный қаласына (6593 бірл.), Қостанай ауданына (3382 бірл.), Арқалық қаласына (2306 бірл.), Жітіқара ауданына (1940 бірл.), Лисаков қаласына (1573 бірл.), Федоров ауданына (1653 бірл.)  шақ келеді.

2019 жылғы 1 шілде жағдай бойынша ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың саны 157 681 адамды құрайды, ол өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,6 % артық, оның ішінде шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларында - 50700 адам, орта кәсіпкерлікті заңды тұлғаларында – 23472 адам, жеке кәсіпкерлікте – 72043 адам, шаруа қожалықтарында – 11466 адам жұмыспен қамтылған (мәліметтер тоқсан сайынғы негізде жасалып тұрады).

2019 жылғы қаңтар- маусым айларында ШОБ МБҚ-ны 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,0 % - ға өсіп, 263 308,3 млн. теңгені құрады. (28,4%) (2018 – 197 933,3 млн.теңге – 25,0%), (мәліметтер тоқсан сайынғы негізде жасалып тұрады).

2019 жылғы қаңтар - маусым айларында шағын және орта бизнес субъектілері шығарған өнімдердің өндірісі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2 % - ға өсіп, 405 898 млн. теңгені құраған (НКИ 111,7%), оның ішінде шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары –  234502 млн. теңге сомасына, орта кәсіпкерлікті заңды тұлғалары – 106558 млн. теңге сомасына, жеке кәсіпкерлер – 60639 млн. теңгеге, шаруа қожалықтары – 4199 млн. теңгеге өнім өндірген (мәліметтер тоқсан сайынғы негізде жасалып тұрады).

2019 жылдың тамыз айында екінші деңгейдегі банктердің филиалдары шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 32012,9 млн. теңге сомасына кредит берген, ол өткен жылдың сәйкес кезеңінен 19,5 % артық. 

Салалық құрылымда кредит берудің ең үлкен көлемі сауда қызметіне – 53,7 %, ауыл шаруашылығына – 12,7%, және өнеркәсіп үлесіне – 11,2 % шақ келеді.

Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген орташа есептелген пайыздық мөлшерлемесі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,4 пайыздық пунктке төмендеп және 12,7 % құраған.

 

хат жіберу