Блог статистикасы
195
Жазбалар
4945
Өтініштер
198589
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Облыстың паспорты

Өнеркәсіп

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыста қолданыстағы бағалармен 634,4 млрд. теңге сомасына өнеркәсіптік өнім өндірген, ол 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының – 113,5% құрайды. Өнеркәсіптік өнімдердің нақты көлемінің индексі – 109,5%.  

Есепті кезеңде өнеркәсіптік өнімдердің нақты көлемдерінің ең үлкен индекстері Қарабалық (129,2%); Алтынсарин (121,2%); Жангелдин (114,1%); Таран (112,6%) аудандарында; Рудный (115,8%); Қостанай (108,4%) байқалып отыр.

Облыстың 2 ауданында өнеркәсіптік өнімдердің НКИ 100 пайыздан төмен: Мендіқара (88,0%); Сарыкөл (66,3%); аудандарында.

Облыстың өнеркәсібінің құрылымында тау-кен өндірісі өнеркәсібінің үлесі 41,3%; өңдеу өнеркәсібі 51,8%; электрмен қамтамасыз ету, газ, бу және әуе кондиционерін беру 5,4%; сумен, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету, қалдықтарды жинақтау мен бөлуді бақылау бойынша 1,5 пайызды құраған.

Тау-кен өндірісі өнеркәсібінің кәсіпорындары 2018 жылғы қаңтар- қыркүйек айларында 262,3 млрд. теңге сомасына өнеркәсіптік өнім өндірген, ол 2017 жылдың қаңтар- қыркүйек айларының 117,8% құрайды. НКИ – 112,9%.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде өндіріс көлемдері 328,6 млрд. теңгені құраған, өткен жылғы қаңтар-қыркүйектегі өсім – 10,5% құраған. НКИ – 109,8%.

Саладағы өсім азық-түлік өнімдері өндірісінің (өңдеудегі үлесі – 43,0%), сусындар өндірісі (өңдеудегі үлесі – 4,0%), металданбаған өзге де минералды өнімдер өндірісі (өңдеудегі үлесі – 4,0%), металлургия өнеркәсібі (өңдеудегі үлесі – 20,7%), машина жасауда (өңдеудегі үлесі – 24,0%) есебінен болып отыр.

Азық-түлік өнімдері өндірісінде өндіріс көлемі 141,1 млрд. теңгені құраған, ол 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы деңгейден 0,8% артық. НКИ – 105,4%.

Сусындар өндірісінде өндіріс көлемі – 13,1 млрд. теңгені құраған, ол 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы деңгейінің 126,2%. НКИ – 107,3%.

Машина жасау саласында өндіріс көлемі – 79,0 млрд. теңгені құраған,   ол 2017 жылдың қаңтар-қыркүйектегі деңгейінен 10,8% артық. НКИ – 115,7%.

Ағымды жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 7941 – автомобиль (Ravon - 400; CHEVROLET NIVA - 613, Hyundai - 5718, JAC – 1088, Peugeot – 79, IVECO - 43) жинақталған.

Металлургияда өндіріс көлемі – 67,9 млрд. теңгені құраған, ол 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы деңгейден 41,2% артық. НКИ – 118,6%.

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемдері – 1,8 млрд. теңгені құраған, ол 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының 75,0% құраған. НКИ – 79,3%.



хат жіберу