Блог статистикасы
195
Жазбалар
4288
Өтініштер
172137
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Облыстың паспорты

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Энергетикалық кешен

2018 жылдың 9 айында облыс бойынша электр энергиясын тұтыну 3486,5 млн. кВтсағ.,құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға жоғары (3412,3 млн. кВтсағ.). Электр энергиясын тұтынудың өсуі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда жаңа өндірістік қуаттарды енгізумен байланысты болды.

Облыстың өз көздерімен өндірілген электр энергиясының көлемі ағымдағы кезеңде 674,1 млн. кВтсағ құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,7%-ға төмен (809,4 млн. кВтсағ). Электр энергиясын өндіру көлемінің төмендеуі Рудный ЖЭО-ның өз мұқтаждықтары үшін өндірілетін электр энергиясы көлемінің төмендеуі себепті орын алды, бұл жұмыс істейтін жабдық құрамының өзгеруімен байланысты.

2018 жылдың 9 айында жылу өндіру 2747,2 мың Гкал құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға жоғары.

Газбен жабдықтау

Облыста 556 елді мекеннің 68-і табиғи газбен қамтамасыз етіледі, оның ішінде: Қостанай, Рудный, Лисаковск, Жітіқара қалалары және Алтынсарин, Жітіқара, Денисов, Қарабалық, Қостанай, Тарановск, Қамысты аудандары ауылдарының бір бөлігі.

2018 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыстың газ тарату құбырларының жалпы ұзындығы 3 418,87 км құрайды.

2018 жылдың 9 айына табиғи газды тұтыну көлемі өткен жылмен салыстырғанда (519,5 млн. текше метр) на 12,5 %-ға артты және 584,5 млн. текше метрді құрады.

Табиғи газды тұтынудың артуы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда жаңа өндірістік қуаттарды енгізу және елді мекендерді газдандырумен байланысты.

Қостанай облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ арасындағы жалпы сомасы 13,4 млрд. теңге болатын үш жақты меморандумды іске асыру шеңберінде, 2018 жылы 4 инвестжобаны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлінде, оның 3-і ағымдағы жылы аяқталатын болады (І кезекте Федоровка ауылын, Рудный қ. 41-56 кварталдарын және 3 шағ. ауданын, Әулиекөл ауданы Аманқарағай с. газдандыру), 2019 жылы 1 жұмыстан аяқталады (Әулиекөл ауылында газдандыру).

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалы Меморандумды іске асыру аясында 2018 жылы Тобыл кенті-Әулиекөл а. магистральдық газ құбырын салу жобасы Әулиекөл ауылында АГТС салу арқылы жүзеге асырылады.

Сумен жабдықтау және суды бұру

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 556 елді мекеннен 177 елді мекен (31,8%) топтық және жергілікті су құбырларынан орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етіледі, 30 елді мекенде (5,4%) ауыз суды тасып жеткізеді, 349 елді мекен (62,8%) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен (ұңғымалар, құдықтар) алынатын сумен қамтамасыз етіледі.

«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында 2018 жылы сумен жабдықтау және суды бұрудың 25 жобасын (4-қалалық, 21-ауылдық) іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден 9,7 млрд.теңгенің сомасы бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6 есе артық.

2018 жылдың соңына дейін сумен жабдықтау және суды бұрудың 25 жобасынан 9 ауылдық сумен қамтамасыз ету объектісін пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл 50,5 мың адам тұратын 9 ауылдың сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға, 1,9 мың адам тұрып жатқан 2 ауылды алғаш рет (Арқа ауылы мен Ағаштыкөл ауылы) сумен жабдықтау жүйесіне қосуға ықпал етеді, осымен бірге облыс бойынша ауылдардың орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыздандырылуы 30,8% -дан 31,2% -ға дейін (169 ауылдан 171-ге дейін) өседі. Қалған 16 жоба 2019 жылға ауыспалы.

Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады. 2017 жылы 2 су бұру жобасын (Қостанай қ. және Рудный қ.) іске асыру үшін 2018 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі игеру кезеңімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2,1 млрд. теңге сомасында бюджеттік кредит бөлінді.

2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ұзындығы 2,8 км болатын «Орджоникидзе көш. - Курганская көш. шекарасында Қайырбеков көшесі бойынша Д-1200 мм өздігінен ағатын коллекторды қайта жаңғырту, Қостанай қ.» жобасы пайдалануға берілді.

Рудный қаласында құны 1,4 млрд. теңге тұратын суды бұру жобасына сәйкес (Рудный қаласында канализациялық тазарту құрылысынан Васильевский буландырғышына дейін биологиялық тазартылған суды тасымалдау) жұмыстар жүргізілуде, объектіні 2018 жылдың 15 қарашасына дейін пайдалануға беру белгіленген. Жобаны іске асыру нәтижесінде 8,9 км су бұру желісі қайта жаңғыртылатын болады.



хат жіберу