Блог статистикасы
195
Жазбалар
3619
Өтініштер
153519
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 30 Мая 2018

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Биылғы конкурстың екінші кезеңіне 90-нан астам отбасы қатысты. Ұйымдастырушылар олардың арасынан 20 әулетті іріктеді. Байқаудың облыстық кезеңі Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияда өтті. Марапаттау рәсіміне Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

«Ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиелеудегі салт-дәстүрлері халқымыздың асыл қазынасына айналды. Ел ішіндегі бірлік-отбасынан басталады. Өмірдің өзі дәлелдеп берген шындық осы. Мемлекеттің табысы әр шаңырақтағы шаттықпен өлшенеді. Сондықтан елімізде отбасы институтының дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Елбасының қолдауымен өтіп жатқан «Мерейлі отбасы» байқауы - осының дәлелі», - деді өңір басшысы.

Ұйымдастырушылар алқасының ұйғарымымен қатысушылар «Өнегелі отбасы», «Парасатты отбасы», «Мерейлі отбасы» аталымдары бойынша топтастырылған. «Өнегелі отбасы» аталымының жеңімпазы болып Қостанай қаласының тұрғындары Қадыр және Майра Қаржауовтардың отбасы танылды. Ал «Парасатты отбасы» аталымында Семагиндер шаңырағының (Таран ауданы) мерейі үстем болды.

Сонымен «Мерейлі отбасы» аталымында арқалықтық Алматовтар отбасы жеңіске жетті. Жеңімпаздарға 300 мың теңгенің сертификаты тапсырылды. Алматовтар отбасы осы ұлттық байқаудың республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.

хат жіберу