Блог статистикасы
186
Blog
2450
Апелляциялық
97069
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 25 Июля 2017

Облыстық штабтың денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жөніндегі отырысы

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында облыс әкімі А.Б. Мұхамбетовтың қатысуымен облыстық штабтың денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жөніндегі отырысы болып өтті, онда атап айтқанда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізу жайы талқыланды. Штабтың отырысына облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, аудандық және қалалық ауруханалардың бас дәрігерлері қатысты. Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізу жөнінен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы облыс әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаев сөз сөйледі, өз сөзінде ол мәртебені нақтылау бойынша жүргізілген ауқымды жұмыстың «тіркелмеген жұмыссыздарды» және «нәтижесіз өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтарды» анықтауға мүмкіндік бергенін, олардың саны бүгінгі күнде облыста 65,3 мың адамды құрап отырғандығын атап өтті.. Өз кезегінде, облыс әкімі қалалар мен аудандардың әкімдеріне халықты міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі жұмысты күшейту, түсіндіру кезінде қоғамдық пікір көшбасшыларын тарту, МӘМС арналған баннердің бірыңғай эскизін әзірлеу, адамдардың жаппай жиналатын жерлерінде ақпарат орналастыру тапсырмасын берді. Аталған бағытта Меңдіқара ауданында үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтуге болады, онда ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін медицина қызметкерлері қатарынан жұмыс берушілерге және халықтың қалың жіктеріне жүйенің қағидаттары, МӘМС-ті енгізу кезеңдері туралы жан-жақты түсіндіріп беретін мобильді топ құрылған.

хат жіберу
E-mail