Блог статистикасы
195
Жазбалар
3169
Өтініштер
139094
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 11 Мая 2018

Қостанай облысының ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерін ғарыштан бақылайтын болады

Облыстық әкімдікте «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдері Қостанай облысының ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерінің электрондық карталарын мониторингілеу процестерін автоматтандыру үшін олардың деректер базасын енгізу бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Мәжіліс Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен өтті. Өңір басшысы мәлімдегендей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыс әкімдігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен бірлесіп ынтымақтастық мәселесін белсенді түрде қарастырып жатыр, сонымен қатар облыстың ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерінің электрондық карталарының деректер базасы құрылды. «Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің мұндай мониторингі сол жерлердің маусымға дайындығын бағалау, егіннің шығу жағдайын бағалау, дақылдардың ластануын анықтау, пішен шабу жұмыстарының динамикасын бақылау, шығымдылықты болжау сияқты процестерді автоматтандыру есебінен олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, бұл өңірдің ауыл шаруашылығына үлкен көмек болады, - деп атап өтті А. Мұхамбетов. - Бұдан басқа, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ геоақпараттық жүйелерді құру бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды, өңірлік мәселелерді шешу үшін спутниктік навигацияны пайдалануды ұсынды».

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Президенті Ерғазы Нұрғалиев ғарыштық суреттермен қамтамасыз ету жұмысының бірінші жыл жүргізіліп жатқан жоқтығын, бірақ ұлттық компанияның ғарыштық мониторинг қызметтерін көрсетуге осы жылы кіріскенін атап өтті. «Біз орталық мемлекеттік органдарды суреттермен қамтамасыз етеміз, сонымен қатар өңірлердегі жергілікті атқарушы органдармен де белсенді түрде жұмыс жасап жатырмыз. Егер бұрын суреттердің сапасы бойынша ғана қызметтер көрсетсек, енді қазір бізде ғарыштық мониторинг қызметтерін көрсету мүмкіндігі бар, - деп мәлімдеді Е. Нұрғалиев. - Қазір ұлттық компания қорғаныс, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, энергетика министрліктерімен, сондай-ақ инвестициялар және даму министрлігімен өзара белсенді әрекет жасауда».

Қостанай облысы ұлттық компанияның ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің электрондық карталарының деректер базасын енгізу бойынша ынтымақтастық құрып отырған бірінші облысы емес екенін атап өткен абзал, осыған ұқсас жұмыс Павлодар, Маңғыстау, Алматы облыстарында әлдеқашан жүргізілген болатын. Мәжіліске қатысқан облыстық және қалалық басқармалар мен ведомстволардың мамандарына геопорталдың жұмысы, оның басымдықтары көрсетілді. Мәжіліс қорытындысы бойынша облыстық әкімдік пен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.




хат жіберу