Блог статистикасы
189
Blog
2482
Апелляциялық
99815
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 20 Августа 2017

«Тың-Целина 2017» Қостанай облысының XXXII Спартакиадасы

«Тың-Целина 2017» Қостанай облысының  XXXII Спартакиадасы

2017 жылғы 17-20 тамыз аралығында Рудный қаласында «Тың-Целина 2017» Қостанай облысының  XXXII Спартакиадасы өтті.

Жылдың ең маңызды спорт додасын Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов ашты. Ол өз сөзінде дені сау ұрпақ тәрбиелеу жолындағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы – халықты бұқаралық спорт түрлеріне тарту екендігін атап өтті.

Жарысқа 18 спорт түрлері бойынша, Қостанай облысының барлық аймақтарынан 1 993 адам қатысты. 

«Горняк» жастар спорттық клубы базасында жеңіл атлетикадан жарыстар, күрес кілемінде дзюдо, грек-рим, қазақ күресі, еркін және әйелдер күресінің өкілдері жарысты, сондай-ақ ойынның спорт түрлері: баскетбол, волейбол және футбол бойынша жарыстар өтті. Мұзды спорт сарайы гір спортынан қатысушыларды қабылдады. Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде ең үздік атағына зияткерлік спорт түрі - шахмат және тоғызқұмалақтан өкілдері кездесті. Рудный қаласындағы №7 орта мектебінің спорт залында пневматикалық қарудан оқ атудың дәлдігінен спортшылар жарысты.

Ыстық спорттық жарыстар барлық спорт түрлерінен өтті, әр спортшы өз өңіріне көбірек ұпай жеңіп алу үшін тырысты. Бірақ Қостанай мен Рудный қалалардың мәңгілік қарсыластарының күресі неге тең.

Барлық жарыс күндер ішінде, командалар бірдей келе жатты және тек спартакиаданың соңғы күндері, облыс орталығының спортшыларына екі ұпайға минималды жеңіске жетті.

XXXII Спартакиаданың қорытындысы бойынша командалық есепте жалпы орындар төмендегідей бөлінді:

 

Орын

Өңір

Ұпайлар

1

Қостанай қ.

326

2

Рудный қ.

324

3

Қостанай ауданы

272

4

Лисаков

261

5

Жітіқара ауданы

246

6

Әулиекөл ауданы

238

7

Қарасу ауданы

233

8

Арқалық қ.

229

9

Федоров ауданы

216

10

Таран ауданы

209

11

Қарабалық ауданы

198

12

Денисов ауданы

194

13

Алтынсарин ауданы

187

14

Сарыкөл ауданы

179

15

Жангелді ауданы

169

16

Амангелді ауданы

166

17

Ұзынкөл ауданы

155

18

Қамысты ауданы

145

19

Мендіқара ауданы

144

20

Науырзым ауданы

142

хат жіберу
E-mail