Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
194117
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 14 Октября 2019

«Еңбек»мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңесте қаралды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралды.

Осы мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев баяндама жасады.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, бағдарламаны іске асыруға ағымдағы жылы 8,8 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде ағымдағы жылдың 9 айында 5,1 млрд. теңге игерілді.

Жыл басынан жұмыспен қамту орталықтарына 20,3 мың адам өтініш білдірді, олардың 85%-ін жұмыссыздар және жұмыс іздеушілер, 15%-ін өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтар құрайды.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бағдарламаның бірінші бағытынжүзеге асыруға тоқталды.

«ТжКБ-мен кадрлар даярлауға ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жоспарға сәйкес 950 адам кірісті. Қысқа мерзімді оқуға жоспар бойынша 2075 адам жіберілді», - деп атап өтті Марат Жүндібаев.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы халықтың осал топтарын қолдау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ҚР Ұлттық қорынан 2600 адамға арналған қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыруға 625,8 млн.теңге сомасында қосымша қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, 1478 адам оқудыи аяқтады,оның ішінде 1033 адам немесе 69,9% жұмысқа орналастырылды.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша ағымдағы жылы 4040 адамды оқыту қарастырылған (оның ішінде «Жас кәсіпкер» - 900 адам).

Бүгінгі күні 2694 тыңдаушы немесе 66,7%, оның ішінде 900 адам «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқудан өтті.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытуды қараша айында аяқтау жоспарлануда.

Бизнес-жоспарды қорғағандардан 1976 адам несие мен грант таралды - 1320 адам немесе 66,8%. Шағын несиелендіруге 4084,7 млн.теңге қарастырылған. 875 кредит беру жоспарлануда.

Бүгінгі күні 3061,9 млн.теңгеге 686 өтінім мақұлданды.

Оның ішінде соңғы қарыз алушыларға 2578,6 млрд.теңгеге 591 шағын несие берілді.

 

 

Бағдарламаның үшінші бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының мобильділігі арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша бағдарламаның 15,7 мың қатысушысы жұмысқа орналастырылды.

Еңбек ресурстарының мобильділігі аясында облысқа қоныс аударушылар мен оралмандар келеді. Бағдарламаны іскеасыру басталғаннан бері облысқа 1637 қоныс аударушы және 1208 оралман келді.

Бүгінгі күні өңірлік квотаға жоспар бойынша 970 адамның 502 қоныс аударушы енгізілді және жоспар бойынша 605 оралманның 602 адам квотаға енгізілді.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық басқармалар басшыларына қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесіп Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының сандық және қаржылық көрсеткіштерінің 2019 жылдың қорытындысы бойынша орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

хат жіберу