Блог статистикасы
193
Blog
2508
Апелляциялық
102790
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 25 Сентября 2017

Қостанай облысының Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында бірінші болып коттедж кілтіне ие болды

Қостанай облысының Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында бірінші болып коттедж кілтіне ие болды. «Нұрлы жер» бағдарламасының жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған пилоттық бағытының аясында мемлекет салымшыларға тиесілі 10 сотық жерді ғана беріп қоймай, сол жер телімінде жеке тұрғын үй салуға да көмектесті. Коттедждер Қостанайдың жанындағы Заречный кенті "Солтүстік" шағын ауданында орналасқан. Барлығы да шетелдік үлгіде бірыңғай стильде салынған.
Алғашқы болып үй алған қуаныш иелерін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова құттықтап, баспана кілтін тапсырды.
«Бұл қолға алынып жатқан игі істердің барлығы Елбасы саясатының арқасында өрісін кеңге жайып жатыр. Сондықтан алға қойған мақсаттарымызға жетіп келеміз. Соның жарқын бір дәлелі, осы ауданда 30 үйдің құрылысы басталды. Алдағы уақытта бәрі жоспарлы түрде жүзеге аспақ», - деді облыс әкімі.
Жалпы жыл соңына дейін Қостанай облысында тағы 60 үй пайдалануға беріледі. Келесі жылы коттедж қалашығының құрылысы жалғасады. Жалпы алғанда бұл аумақта 270 нысан бой көтереді деп жоспарланып отыр.




хат жіберу