Қостанай облысының ресми интернет - ресурсы
Блог статистикасы
180
Blog
2422
Апелляциялық
94266
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 8 Июля 2017

Татарстан Республикасының Президенті Р.Н. Миннихановтың Қостанай қаласына сапары

Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның күмбезді залында Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов пен Татарстан Республикасының Президенті Р.Н. Миннихановтың қатысуымен Сабантой республикалық мерекесін өткізу аясында Татарстан Республикасы делегациясының өкілдерімен, Қазақстан өңірлерінің татар-башқұрт этномәдени бірлестіктерінің, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің, ғылыми-сараптамалық тобының өкілдерімен, Қостанай облысы қалалары мен аудандарының және БАҚ өкілдерімен кездесу өтті.

Облыс әкімі кездесуді аша отырып, мемлекет басшысының салмақты ұлттық саясатының және Қазақстан халқының даналығы арқасында республикамызда бейбітшілік пен келісім сақталғанын атап өтті.

Өңір басшысы, Қостанай облысында қазіргі уақытта 16 000-нан астам татар және 4 000-ға жуық башқұрт тұратындығынан хабардар етті, аталған халықтардың өкілдері ғылым, бизнес және басқа да салаларда белсенді қызмет етуде.

Сөз сөйлеген өңірлік ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары Татарстан Президентіне татарлар мен башқұрттардың дәстүрлерін, тілдерін сақтау жөніндегі жұмыстары туралы айтты. Татарлардың дүниежүзілік конгрессі атқару комитетінің мүшесі Тауфик Кәрімов Татарстан басшысынан Алматы, Астана және Қазан қалаларына тікелей теміржол қатынасын ашуға жәрдемдесуді, сондай-ақ діни ғимарат қана емес, тарихи жәдігер болып табылатын Қостанайдағы «Марал Ишан» облыстық мешітін сақтап қалуға қолдау көрсетуді сұрады.

Мешітті күтіп-ұстауға қатысты облыс әкімі оны коммуналдық меншікке беру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығын және оны бергеннен кейін жөңдеу мен күтіп-ұстауға қаражат бөлу мәселесі шешілетіндігін хабарлады.

Татарстан Президенті Рустам Минниханов қостанайлықтарға жылы лебіздері үшін алғыс білдіре отырып, осындай кездесулердің көптеген мәселелерді жылдам шешуге септігін тигізетінін атап өтті. Ол сонымен қатар, оның отандастарын мазалайтын проблемаларға түсіністікпен қарайтындығын жеткізді.

«Салт-дәстүрлерді, мәдени құндылықтарды, тілді сақтау - ол оңай шаруа емес, біз бұндай мәселемен өз республикамызда да ұшырасып жатамыз, сондықтан да Қазақстанда жасалып жатқан іс-шаралар зор құрметке ие», - деді Рустам Минниханов.  






хат жіберу
E-mail