Блог статистикасы
195
Жазбалар
3447
Өтініштер
146875
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 4 Апреля 2018

Биыл Қостанайдағы абаттандыру жұмыстарына 10,5 млрд теңге бөлінді

Лисаков қаласының тұрғындары қала маңындағы рұқсат етілмеген жерді қоқыс алаңына айналдырған. Бұл туралы барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов айтты.

Ғауез Нұрмұхамбетовтің баяндауынша, ағымдағы жылы санитариялық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстар екі ай - 12 сәуір мен 14 маусым аралығында өтеді. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы апта сайын елді мекендерді абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізеді. «Былтырғы тазалық айлығы кезінде облыс бойынша 660 қоқыс алаңы тазартылды. Оның орнына 30 мың ағаш егіліп, 406 саябақ ашылды. Коммуналдық бөлім мамандары полигондарға 75 мың тоннадай қоқыс шығарды. Қазіргі уақытта рұқсат етілмеген жерлерді қоқыс тастайтын орынға айналдырғандармен күресті қолға алу қажет.

Мәселен, Лисаков қаласының шетіндегі рұқсат етілмеген жер қоқыс алаңына айналған. Адамдар мұнда құрылыс материалдарының қалдықтарын да тастаған», -деді облыс әкімінің орынбасары. Сондай-ақ, Ғ.Нұрмұхамбетов рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастайтындармен күресу үшін бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынды. Бұған қоса, тәртіп бұзушыларға ірі көлемде айыппұл салу қажет.

«Бұл мәселемен қалалар мен аудандардың әкімдері тікелей айналысулары тиіс. Мысалы, 2014 жылы Лисаков әкімдігі рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою және болдырмау үшін 2 бейнебақылау камерасын орнатты. Бұл жұмыс жемісін берді. 51 құқықбұзу фактісі анықталып, тұрғындарға 274 мың теңге айыппұл салынды. Нәтижесінде, қалалықтар күл-қоқысты полигонға тастайтын болды», -деді Ғ.Нұрмұхамбетов.

Биыл Қостанайда санитарлық жұмыстарды жүргізу, көгалдандыру және автокөлік жолдарын абаттандыру бойынша бюджеттен 10,5 млрд теңге бөлінді.


хат жіберу