Блог статистикасы
196
Blog
2557
Апелляциялық
109193
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 27 Ноября 2017

Әулиекөл ауданының Көктал ауылында жаңа мектеп ашылды

Әулиекөл ауданының Көктал ауылында  жаңа мектеп ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Әулиекөл ауданының Көктал ауылында жаңа мектеп салтанатты түрде ашылды.

Ашылу рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар қатысты.

«ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында шалғайдағы ауылда заманауи үлгідегі жаңа мектеп ашылып жатыр. Елбасымыз өскелең ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім алу үшін барлық тиісті жағдай туғызу керек деп айтқан болатын. Міне, сол тапсырманы орындау аясында біз қазір балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін көптеген жағдай жасап жатырмыз. Жаңа білім ордалары салынуда. Мектептер ғана емес, балабақшалар да күн санап бой көтеріп келеді. Біздің ең басты мақсатымыз – үш ауысымда оқитын мектеп проблемасын шешу. Бүгінде облыста апатты жағдайдағы мектептер жоқ десе де болады. Көптеген мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін міне, біз Көктал ауылында жаңа мектепті тапсыруға дайынбыз. Мұнда барлық қолайлы жағдай жасалған. Төрт жүз шаршы метрдей спорт залы бар, акт залы мен бір уақытта қырыққа жуық оқушы тамақтана алатын асханасы да бар, шеберхана мен медпункт те жайлы. Сондықтан да, ауыл балалары жаңа білім ордасында жақсы, сапалы білім алып, көрсеткіштерін мұнан да жақсартанына өз басым сенімдімін», — деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өз құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әкімбек қажы Қабденұлы да бүгінгі есігін айқара ашып жатқан ұядай мектептің тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатып, даңқын арттырып, бәсекеге қабілетті түлектер ұшатын шаңыраққа айналуына тілектестік білдірді.

Салтанатты ашылудан соң облыс әкімі мектеп ішін аралап, оқушылармен, ұстаздармен кездесті. Рәсімге ерекше көңіл-күймен келген бүлдіршіндер де облыс әкімі алдында ән салып, тақпақ оқып, өнерлерін ортаға салды.

Әулиекөл ауданы тұрғындарының Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасындағы “Туған жер” жобасына да ерекше атсалысып жатқандығын айрықша атап өтуге болады. Мәселен, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Диев орта мектебі жанында елу балаға арналған шағын орталық, Новонежин ауылында жастар үшін жаңа спорттық алаңдар мен Құшмұрын кентінде тұрғындар үшін демалыс орны ашылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың желтоқсан айында С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясында аталған мектеп түлектерінің қолдауымен мұражай ашылғалы отыр. Келер жылы да, “Туған жер” бағдарламасы аясында тағы бірнеше әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтар болсақ, елімізге танымал мемлекет қайраткері Шайсұлтан Шаяхметовтың ұлы Бейімбет Шаяхметовтің қолдауымен Сұлукөл орта мектебін күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленбек.

“Туған жер” бағдарламасына атсалысып, туған ауылының, елінің өркендеуіне үлес қосып отырған әулиекөлдік кәсіпкерлерге облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те зор алғысын білдірді.







хат жіберу