Блог статистикасы
196
Blog
2541
Апелляциялық
107048
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 18 Октября 2017

Сарыкөл ауданында «Жастар.Ауыл.Жаңғыру» атты облыстық ауыл жастарының форумы өтті

Сарыкөл ауданында «Жастар.Ауыл.Жаңғыру» атты облыстық ауыл жастарының форумы өтті

Қостанай облысының Сарыкөл ауылында «Жастар. Ауыл. Жаңғыру» атты ауыл жастарының форумы өтті.

Қостанай облысының ауылдық жастар форумы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өрбіп, сегіз сағатқа созылды. Аймақтың түкпір-түкпірінен келген делегаттардың Сарыкөлге алғашқы сапары саяхатпен басталды. Айталық, алдымен, жастар қауымы «Люнет» ЖШС жөндеу шеберханасының жұмысымен танысып, ондағы шебер ұсталардың қолымен жасалған бұйымдарды, комбайн, трактор, жүк машиналары сияқты техникаларды тамашалады, «Олимп» сауықтыру-спорттық кешенін аралады. Сондай-ақ, Қостанай қаласында оқитын студенттер «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжін» көріп, оның қалалық оқу орындарынан кем еместігіне көз жеткізді. Осы жерде облыс спикерлерімен Сарыкөл ресурстық жастар орталығы өкілдері арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Еріктілік», «Жастар кәсіпкерлігі» тақырыбында секциялық оқулар ұйымдастырылды. Колледж аумағында келушілерге ауданның аграрлық секторы, заманауи ауылшаруашылығы техникалары қойылған көрме көрсетілсе, ал нысанның бірінші қабатында студенттердін өз қолымен жасаған азық-түліктер және жобалар қойылғанын атап өткен жөн.

Форумның салтанатты ашылуына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жастарға арнап сөз сөйлеп, ауқымды шараның ауылдық жерлерде мемлекеттік жастар саясатын көтеруге арналғанын атап өтті. Оған қоса, Қостанай облысының әр төртінші тұрғыны жастар санатына жататындығын және олардың жартысы ауылдық жерлерде тұратындығын, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жатқандығын айтты.

«Міне, бүгінгі уақыттың батырлары осы залда қатысып отыр! Сіздердің араларыңызда мал дәрігерлері, агрономдар, спортшылар, кәсіпкерлер, инженерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер, мәдениет қызметкерлері және басқада саланың өкілдері бар. Баршаңыздың істеріңізден туған өлкеге деген сүйспеншілікті көруге болады», — деді облыс әкімі. Одан әрімен Архимед Бегежанұлы облыстың экономикалық дамуына қомақты үлесін қосып жүрген үздік жастарды марапаттады.

Жалпы, облыстық деңгейдегі ауқымды шарада көптеген мәртебелі меймандар, яғни өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық тұлғалар да төбе көрсетті. Қонақтардың қатарында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына есімі енгендер, «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары дәрежелі атағы мен «Отан» ордені мен Алтын жұлдызы айырықша белгісінің иегері – Сайран Бұқанов және Алмат Тұрсынов болды. ҚР Еңбек ері форумда сөз сөйлеп, жастарға үлкендерді үлге етіп, Қазақстанды көркейту жолында бірге еңбек етуге үндеді.


хат жіберу