Блог статистикасы
196
Blog
2514
Апелляциялық
103157
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 27 Июля 2017

Ауылшаруашылық кооперативтерді қаржыландыру аясында АӨҚ-тердің инвестициялық шығындары екі есе азаяды

Сүт қабылдау бекеттері мен мал сою бекеттеріне арналған 5 модулдік кешен «Астық» Элеваторлық құралдар зауытынан» қостанайлық кооперативтерге жіберіледі. Кооперативтер модульдерді сатып алу үшін жеңілдетілген қаржыландыру мен қатар мемлекеттік субсидия алып, кепілдікке сатып алған мүлікті қойды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ауылшаруашылық кооперативтерді жеңілдетілген бағдарламалар бойынша қаржыландырады. «Ынтымақ» бағдарламасы арқылы несиелік қаражат ет, сүт, көкөніс-жеміс, балөнімдерін шығару үшін сервистік-дайындау цехтерін ашуға бағытталады. Қаржыландыру механизмі бойынша кооперативтің инвестициялық шығындары 50 пайызға мемлекеттік субсидиялау арқылы жабылады. Қостанай облысы аймағында ет және сүт бағытындағы кооперативтерге қажетті құрал-жабдықтарды «Астық» Элеваторлық құралдар зауыты» ЖШС шығарады.
- 5 модульдік сүт қабылдау бекеті мен мал сою бекеті ауыл округтеріне жеткізіледі, - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қостанай филиалының директоры Марат Салықбаев. – Мал сою бекетінің бағасы – 22 миллион теңге, мемлекеттік субсидиялауды есептегенде, мұндай бекеттің бағасы кооператив үшін екі есе арзан шығады. Дәл сондай шарт сүт қабылдау бекеттерінде де пайдаланады. Жалпы, Қостанай филиалы «Ынтымақ» бағдарламасы бойынша Денисов, Жетіқара, Қостанай, Қарабалық, Амангелді, Науырзым, Меңдіқара аудандарында 8 кооператив қаржыландырылды. «Рыспай», «Ар-Агро-Денисовка», «Ар-Агро», «Бурли», «Амангелді-Агро» кооперативтері өздері орналасқан ауыл округтерінің тұрғындарын біріктіреді. Жалпы, осы кооперативтерге кірген 177 мүше қосалқы шаруашылықтардан тұрақты табыс алады.
- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жүзеге асыратын несиелеу бағыттары біз үшін өте тиімді, - дейді «Жалғас» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Жазылбек Нұрханов. – Құрал-жабдықтарды екі есе арзан бағамен сатып аламыз. Несиені рәсімдеумен де проблема болған жоқ – филиал қызметкерлері кеңес беріп, модуль дайын болғанша бізбен бірге жүрді. Бүгін кооперативімізде 20 мүше бар, олардың барлығы мал сатып алу үшін Қорға несиелеу өтінімдерін тапсырды. Етті Қостанайдағы зауытқа тапсырамыз. Нарықтағы сұранысты есепке алсақ, несиені жақын үш-төрт жылдың ішінде жабамыз деген жоспар бар.
Жалпы, Қостанай облысында биыл жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерді несиелеуге 1,8 млрд теңге бағытталатын болады. Бірінші жартыжылдықта 19 кооператив құрылып, 8 кооперативжалпы сомасы 114,6 миллион теңгенің несиесін алды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қол жетімділігін арттыру.



хат жіберу