Блог статистикасы
195
Жазбалар
5248
Өтініштер
213388
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Біз біргеміз! «Nur Otan» акциясы аясында 3,5 мыңнан астам адам қолдауға ие болады

Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте мәлім етті.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында «Біз біргеміз! «Nur Otan» республикалық акциясы басталды.

Акцияны ұйымдастыру кезеңінде облыста әлеуметтік жағынан осал азаматтар қатарынан мұқтаж азаматтардың тізімі құрылды.

«Акцияны ұйымдастыру барысында партияның Қостанай облыстық филиалы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жалғыз тұратын қарт адамдар санатынан арнайы тізім құрылды. Олардың барлығы өңір бойынша - 3 541 адамды құрады. Қазір бұл азаматтар көмекке мұқтаж»,- деді «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына антисептиктер, маскалар және бірінші қажеттілік өнімдері жеткізіледі. Атап айтқанда, әрбір адам ылғалды және қағаз майлықтарды, антисептикалық заттарды, сабын, медициналық маска, макарон, қарақұмық, күріш, қант және өсімдік майын алады. Азық-түлік себетіне қара шай, тұз, печенье кіреді.

Сондай-ақ, Е. Күзенбаевтың айтуынша, еріктілердің мобильді бригадалары ұйымдастырылды, оған партия мүшелері мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері кірді. Жалпы облыс бойынша 250 адамнан тұратын осындай 20 бригада жұмыс істейді.

Акцияның алғашқы күндері 443 отбасы көмекке ие болды.

«Облыс бойынша осы күндері 443 отбасы қамтылған, олар азық-түлік тауарларына мұқтаж. Бұл жұмыс жалғасуда», - деді спикер.

Өз баяндамасының соңында Э.Күзенбаев Қостанай облысының тұрғындарын ел үшін қиын кезеңде бірігуге, бір-бірін қолдауға және адамдардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ететін қызметтерге барынша көмек көрсетуге шақырды.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов партия жобасын жүзеге асыруда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлердің белсенді жұмысын атап өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімі партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауды тоқтату мәселесін қозғады. Осыған байланысты, аймақ әкімдеріне азаматтардың мәселелерін бақылауда ұстауды және жедел әрекет етуді тапсырды.

«Халықта көптеген сұрақтар туындайды, жаңа проблемалар пайда болуы мүмкін. Сондықтан да, аймақ әкімдеріне онлайн режимде келіп түскен хаттарға партия филиалдарында орнатылған жәшіктер арқылы жауап беріп қана қоймай, әрекет етіңдер», - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Біз біргеміз! «Nur Otan» бірыңғай республикалық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыруды тапсырды. 

хат жіберу