Блог статистикасы
196
Жазбалар
2656
Өтініштер
124884
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 13 Декабря 2017

Лисаков қаласында ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында 210 орынға арналған «Болашақ» балабақшасы ашылды

Лисаков қаласында ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында 210 орынға арналған «Болашақ» балабақшасы ашылды

Лисаков қаласында ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында 210 орынға арналған «Болашақ» балабақшасы ашылды. Салтанатты ашылуы рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.

Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылды, құны 462 млн теңге.

Жаңа балабақша заманауи, қажеті жабдықтармен жабдықталған музыкалық және спорт залдары, санитарлық нормалардың талаптарына жауап беретін жайлы балалар ұйықтайтын бөлмелері мен ойын бөлмелері, психолог пен логопед кабинеттері, сондай-ақ медициналық блок пен әдістемелік кабинет көзделген.

Қазіргі таңда Лисаков қаласында 1 жастан 6 жасқа дейін балалар мектепке дейінгі оқумен 100% қамтылған.

Сонымен қатар өңір басшысы жаңа балабақшаның ұжымымен кездесіп ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады және сыйлық сертификатын табыстады.



хат жіберу