Блог статистикасы
196
Жазбалар
2825
Өтініштер
135108
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 7 Апреля 2018

Қостанайдағы Меценаттар клубы жыл үздіктерін марапаттады

Қостанайда 18-ші мәрте облыстық Меценаттар клубы тағайындаған «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтарын тапсыру салтанаты өтті.

Айта кету керек, елімізде теңдесі жоқ осынау «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтары 2000 жылдан бері тапсырылып келеді. Атаулы марапатқа «Әдебиет», «Бейнелеу өнері», «Театр өнері», «Музыка өнері», «Вокал өнері», «Хореография», «Журналистика», «Ғылым», «Мәдени мұра», «Ауыл жанашыры», «Білім», «Шығармашылық ұжым жетекшісі» номинациялары бойынша жоғары кәсіби шеберлігімен озып шыққан алуан түрлі саланың мамандары ие болады. Сондай-ақ, биыл меценаттар «Спорт» аталымының үздігіне де сыйлығын ұсынды. Шараның ашылу салтанатына сөз сөйлеген облыс басшысы Архимед Мұхамбетов меценаттарға алғысын айтты.

«Кәсіпкерлеріміз өңірдің дамуына үлес қосып келе жатқан, еңбегімен оқ бойы озық шыққан сала мамандарына қаржылай демеу көрсетіп отырады. Бір қуантатыны, жылдан жылға Меценаттар клубы сыйлығына үміткерлер қатары көбейіп келеді. Осыдан төрт жыл бұрын небәрі 80 адам қатысса, биыл 150 үміткер тіркелді. Еңбектері еленген жыл үздіктерін құттықтаймын. Ал кәсіпкерлерімізге өз атымнан алғысымды білдіремін. Жомарт жандардың әлі талай игі бастамаға мұрындық болатынына сенімдімін», - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің құттықтау сөзінде.

Меценаттар өткен 18 жыл ішінде құны 226 миллион теңге болатын 448 сыйлық тапсырыпты. «Журналистика» аталымында «Шабыт» сыйлығын алған «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Кенже Қонысбайдың сөзінше, мұндай сыйлықтар жастар талғамын арттыруға септігін тигізеді.

«Бір жыл бойы атқарған жұмысың еленіп жатса, одан асқан қуаныш жоқ. Себебі, бүгін сахнаға шығып, сыйлықтарын алып жатқандардың бәрі өз салаларында жоғарғы жетістікке жетті. «Шабыт» сыйлығы өз атына сай, әр жасты шабыттандырады. Әлі де ізденуге серпін береді», - дейді жеңімпаз.








хат жіберу