Блог статистикасы
195
Жазбалар
3624
Өтініштер
153953
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 5 Марта 2018

Қостанайда Цифрландырудың Жол Картасы аясында ауыл шаруашылығы саласына «ақылды» жүйелер енгізіледі

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен селекторлық жиында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дархан Әбдікәрімов мәлімдеді. Оның айтуынша, аймақта «ақылды» жүйелер сүт және ет фермаларында, құс фирмалары, кондитерлік фабрикаларда қолданылады. Бүгінде «Садчиковское» ЖШС «Ақылды сүт фермасы» жобасын қолға алды.

Шаруашылық голландиялық голштино-фриз тұқымды 1700 ірі-қара малын сатып алды. Серіктестікте «Евро Класс 1200» деп аталатын сауын кешені бар. Мұнда бір уақытта 32 сиырды саууға болады. Барлығы автоматты түрде жүзеге асады. Сауын кешенінен алынған сүт арнайы сақтау орнына жеткізіледі. Сауыншының міндеті - сауу құрылғысын желінге салып тұру. Әрбір сиырдан алынған сүттің мөлшері сандық таблода көрінеді. «Бұл шаруашылық толықтай цифрландыру жүйесімен қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта «Смакстек» құрылғысы сатып алынады. Бұл арқылы әрбір ІҚМ жай-күйін «онлайн» режимде бақылауға мүмкіндік береді.

Арнайы дабыл белгісі арқылы жануардың температурасы, қозғалыс белсенділігі туралы мәлімет түсіп отырады», - деп түсіндірді Дархан Әбдікәрімов. «Смакстек» құрылғысы алдағы 3 айда 30-40 аналық ІҚМ енгізіледі. Егер оңды нәтижеге қол жетіп жатса, құрылғыны 1000 аналық басқа қондыру жоспарда бар. «Құрылғыны енгізу үшін 132 мың евро жұмсалады. Осы цифрландыру жүйесін пайдалану арқылы өндіріс көлемі 15%-ға ұлғаяды.

Сүт өнімдері сапасын арттыру және жем-шөп қорының шығынын азайтуға қол жеткіземіз», - деді басқарма басшысы. Айта кетейік, цифрландырудағы тағы бір жаңашылдық «Тэрра» шаруа қожалығына ұсынылды. Аталған қожалық өздерінің ауылшаруашылық техникаларына «Мониторинг плюс» ұйымының ұсынған GPS қондырғыларын орнатпақ.


хат жіберу