Блог статистикасы
195
Жазбалар
3539
Өтініштер
150027
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 6 Ноября 2018

Қостанай облысында денсаулық сақтау және білім беру саласына сандық технологиялар белсенді енгізілуде

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов мәлімдеді.

«Биылғы жылы денсаулық сақтау және білім беру нысандарының Интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 432,5 млн.теңге бөлінді, нәтижесінде, жыл қорытындысы бойынша қалалық және ауылдық мектептердің 85% - ы мен медициналық мекемелердің 93% - ы Интернет желісіне КЖҚ-ға қосылатын болады – деп атап өтті Архимед Бегежанұлы».

Облыстың білім беру ұйымдарын мультимедиялық және компьютерлік техникамен жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, заманауи жабдықтармен және озық технологиялармен жабдықталған «Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ашылды. IT-мектепте сапалы білім беру қызметтерінің кең спектрі, нақты ғылымдар мен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқыту, бағдарламалау дағдыларын дамыту, IT-технологияларды қолдану мәдениетін тәрбиелеу ұсынылады. Мектептің оқу корпусында робототехника, 3D модельдеу, киберспорт кабинеттері қарастырылған.

Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов БАҚ журналистерін облыстың барлық медициналық ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйе енгізілгені туралы хабардар етті.

хат жіберу