Блог статистикасы
196
Blog
2557
Апелляциялық
109193
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 25 Ноября 2017

Қостанай қаласында «McDonald’s» мейрамханасы ашылды

Облыс орталығында бірінші рет McDonald's тез әзірленетін тағамдар мейрамханасы ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, жобаның авторы - "McDonald's" Қазақстандағы франшизасының иесі Қайрат Боранбаев, аймақтың алғашқы басшыларының бірі, құрметті ардагер Кенжебек Укин және белгілі футболшы Нұрбол Жұмасқалиев құрметті қонақ ретінде қатысты.

Ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа мейрамхананың арқасында 100 жаңа жұмыс орнының ашылғандығын атап өтті.

"Биыл "Туған жер" жобасы аясында бірнеше іргелі жобаларды қолға алдық. Облыс орталығындағы осынау мейрамхананың ашылуы тұрғындарымыз үшін қуанышты жаңалық. Өзіміздің жерлесіміз, белгілі меценат Қайрат Боранбаевқа өз атымнан алғыс білдіремін. Ол кісінің спорт саласына да қосқан үлесі мол. Арқалық жəне Қостанай қалаларында екі үлкен спорт кешенін іске қосты. Бұдан бөлек, халыққа  Əнуар Боранбаев атындағы кинотеатрды да ұсынды", - деп атап өтті облыс əкімі.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орнында McDrive жүйесі арқылы жылдам тапсырыс беруге мүмкіндік бар.

Жалпы жоба құны - 780 млн теңге. Ресторан 86 адамға шақталған. Жазғы алаңына 24 орын бар. Автотұраққа бір мезетте 10 көлік тоқтай алады, аталған мейрамхана еліміз бойынша 9 болып ашылды.

хат жіберу