Блог статистикасы
196
Blog
2537
Апелляциялық
106384
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 2 Ноября 2017

Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 120 отбасы баспаналы болды

Қостанай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған көпқабатты екі тұрғын үй ел игілігіне берілді. Жаңа үйлер №9  және «Әуежай» шағын аудандарында орналасқан.

Нысандар жергілікті атқарушы органдар бағыты бойынша салынған. Пәтерлердің 50%-ы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  салымшыларының арасында бөлістірілді, ал қалған 50%-ы әкімдікте үй кезегінде тұрған адамдарға берілді.

Салтанатты іс-шараны облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ашып, қуаныш иелеріне көптен күткен пәтер кілтін табыстады.

«Елбасының тапсырмасымен елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Биыл біз бірқатар әлеуметтік нысындарды іске қостық. Мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған үйлерді тұрғындардың игілігіне беріп отырмыз. Көп кешікпей «Әуежай» шағын ауданында тағы да жаңа пәтерлер өз иелеріне табысталады», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, жоспар бойынша «Әуежай» мөлтек ауданында 41 үй салынуы керек, соның 16-сы қазір қолданысқа берілді, тағы 12 үйдің құрылысы аяқталуға жақын, ал жуырда 7 үйдің құрылысы басталады. Одан бөлек, осы маңда әлеуметтік нысандар да бой көтереді. Мәселен, 900 орындық мектеп және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша бір спорттық кешен салынады,-деді өңір басшысы.

Бұдан бөлек, бүгінгі күні аймақтың 43 000 тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары, қазір олар 1 шаршы метрінің бағасы 128 000 теңге болатын құны төмендетілген үй алу мүмкіндігін де пайдалана алады.







хат жіберу