Блог статистикасы
196
Жазбалар
2751
Өтініштер
132311
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 22 Мая 2018

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.

Ал мәдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – музей, кітапхана, театр, филармония, мәдениет үйлері қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлерінің, шығармашылық одақ қайраткерлерінің де мерекесі.

Өнер мен мәдениет – егіз ұғым, бұл бағыттағы әр қадам игілікті. «Рухани жаңғыру» Президенттік бағдарламасы шығармашылық қайраткерлерінің, мәдениет мекемелері қызметкерлерінің белсенді қатысуларының арқасында өңірімізде табысты жүзеге асырылуда.

Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – бұл тек экономикалық даму, халықаралық бастамалар мен жобалар ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті мәдениетті қалыптастыру, дербес мәдени жетістіктерге жету болып табылады.

Сіздердің еңбектеріңіз қашанда халықтың көз алдында, елді ұлттық мәдениеттің қайнарына сусындатып, ондағы ең асылды көре білесіздер, адамдарға мереке және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайсыздар. Мейрамдар – Сіздер үшін дағдылы жұмыс күндері. Еңбексүйгіштіктеріңіздің және шығармашылықтарыңыздың арқасында өңіріміздің мәдениеті жылдан жылға көркейіп келеді.

Осы салада аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығып жүрген Сіздерге деген алғысымыз зор.

Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!

 

Қостанай облысының әкімі    А. Мұхамбетов

хат жіберу