Блог статистикасы
195
Жазбалар
5248
Өтініштер
213389
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді жарқын мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

         Наурыз – көктемнің, жаңарудың, бейбітшілік пен жасампаздықтың мерекесі, көптеген жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-бабаларымыздың дәстүрлерімен тығыз байланысты.

         Табиғаттың жандану уақыты келген кезде, бұл мереке жаңа жылдың басталуы болып саналады, ал адамдар көңілге кірбің ұялатқан барлық реніштерді кешіріп және барлық жамандықты ұмытып, жаңа жылға мейірімді жүрекпен және таза ниетпен аяқ басады.

         Наурыз мейрамы әр қазақстандық үшін қымбат. Ол біз үшін ізгілік, достық пен төзімділікті бейнелейді. Түрлі ұлт өкілдері оны мейірімді, жарқын және ең бастысы біздің ортақ мереке ретінде атап өтеді.

         Дәл осы Наурыз мейрамы Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан көптеген этностардың ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау мен дамытуда үлкен рөл атқарады.

                           

Қадірменді жерлестер!

 

Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, өзара құрмет, түсіністік және Отанымыз Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуі жолында гүлденуін тілеймін!

Мереке баршамызға тек жақсылық әкелсін және әр үйге қуаныш ұялатсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

 

Қостанай облысының әкімі                                                                                                                   А. Мұхамбетов

хат жіберу