Блог статистикасы
195
Жазбалар
3447
Өтініштер
146983
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 30 Апреля 2018

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халық татулығын ту еткен бұл мереке бүгінде көпұлтты еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің нышаны іспетті. Ел тұтастығы мен ұлтаралық келісім бұл ең әуелі тәуелсіз ел ретінде қол жеткізген басты құндылықтарымыздың бірі. Ортақ үйіміз – Отанымыз табыстырған тілі басқа – тілегі бір, түрі басқа – жүрегі бір жүздеген ұлт пен ұлыстың айрандай ұйысқан мызғымас достығының белгісі.    

Ұлт көшбасшысы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың егемен ел болғаннан бергі дара саясаты да Қазақстанды мекендеген барша ұлт өкілдерінің мамыражай тіршілік кешіп, тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап қалуға бағытталғаны белгілі.

Бүгінде соның айқын көрінісі бола білген елдегі ұлтаралық келісім мен ұлттар ынтымағы республикамыз бен оның барлық өңірі бағындырған мықты экономика һәм табысты өркендеудің кепілі екеніне дау жоқ.   

 

Қымбатты жерлестер!

Бекем бірлігіміз бен келелі келісім барда ғана біз қарсы келген қандай қиындыққа болсын төзім танытып, алдымызда Мемлекет басшысы межелеген барлық мақсат-міндеттерді оңай еңсеруге қауқарлымыз.

Бұл жолда сіздерге және барша жақындарыңызға мықты денсаулық, ырыс пен береке тілеймін!

хат жіберу