Блог статистикасы
189
Blog
2482
Апелляциялық
99815
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 29 Августа 2017

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!  

Ата Заң Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуында ерекше орын аладыРеспублика Конституциясы мемлекеттілікті нығайтудың бастапқы және ең маңызды шарттарын құрды, қазақ жерінде ортақ тарихи тағдыр біріктірген алуан ұлт өкілдерінің басын қосты. 

Тәуелсіздік жылдарында құқықтық жүйенің тиімділігі арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табыстарға қол жеткізіп, әлем мойындаған абыройлы мемлекеттер қатарына қосылды. Ел Конституциясы Қазақстанның табыстылығы мен одан әрі өркендеуінің нышанына айналды.   

Негізгі заңның қағидалары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – әрқайсымыздың борышымыз бен міндетіміз. Біздің таңдаған жолымыз жаңа жеңістерге, жаңа белестерге бастайтыны анық.   

Бүгін біздің алдымызда Елбасының жыл сайынғы Жолдауында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген тапсырмаларын іске асыру бойынша ауқымды міндеттер тұр. Оларға экономикалық өсімнің жаңа моделін жасау және мықты әрі жауапты адамдардың біртұтас ұлтын қалыптастыру мақсатында қоғамды топтастыру арқылы қол жеткізу мүмкін.  

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік, құт-береке және молшылық тілеймін!

 

 

А. Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі

хат жіберу
E-mail