Блог статистикасы
195
Жазбалар
3447
Өтініштер
146877
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 9 Апреля 2018

Облыс әкімі аймақты ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды

Былтыр облыстың су желілерінде 1034 апатты жағдай тіркелген. Бұл туралы облыс әкімдігінің өңірлермен селекторлық отырысында айтылды.

        Сумен жабдықтау нысандарының санитарлық-техникалық жағдайы мен тұтынатын су сапасы туралы облыстық Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті басшысы қызметін атқарушы Владимир Нечитайлоның баяндамасы тыңдалды. Оның сөзінше, ауыз су сапасының төмендігінен жаппай дертке шалдығу факторы екі мыңыншы жылдардың басында көптеп кездескен.

«Су сапасының төмендігінен 2001 жылы Арқалық қаласында - 261 адам, 2003 жылы Әулиекөл ауданындағы Тимофеев ауылында - 93 адам, 2007 жылы Меңдіқарада ауданында 63 адам ауырған. Қазір мұндай мәселелер жоқ, дегенмен оның алдын алу үшін біраз жұмыс орындалуы тиіс. 2017 жылы су желілерінде 1034 апатты жағдай тіркелген, оның 877-і құбырдың тозуынан. Сол себепті, біз облыс тұрғындары толықтай сапалы ауыз суға қол жеткізіп отыр деп айта алмаймыз. Сондықтан алдағы уақытта микробиологиялық бақылауды күшейту керек. Себебі, былтыр 2306 құбыр суы сынақтан өткізілсе, оның 34-і сапасыз болып шықты», - деді В.Нечитайло. Владимир Нечитайлоның айтуынша, 2017 жылы 84 су құбыры арнайы зерттеуге алынды.

Нәтижесінде, 46 су желісінен ақау табылған. Өз кезегінде облыс әкімі тұтынатын су сапасын жақсарту жұмыстары бойынша энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Алмат Исенбаевқа тапсырма берді. Белгілі болғандай, биыл Қостанай ауданының Арқа және Ағаштыкөл ауылдары орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.

Ол жерлерде 2 мыңға жуық адам тұрады. Сондай-ақ 7 елді мекеннің сумен қамтамасыз ету желісі жаңартылады. Барлығы 50 мың тұрғын сапалы сумен қамтылмақ. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша бұл жұмыстарға 5 миллиард тенге бөлінген. Бұл өткен жылға қарағанда екі есе көп. Алдағы уақытта 16 ауылға су құбырын тартып, 8 елді мекеннің ескі су жүйесін жаңарту жоспарланып отыр.




хат жіберу