Блог статистикасы
196
Blog
2557
Апелляциялық
109193
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 6 Декабря 2017

ССКӨБ 4.0 индустрия элементтерін енгізу аясында «Ақылды карьер» іске қосылды

Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ («ССКӨБ») Қашар алаңшасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болған телекөпір кезінде «Ақылды карьер» жобасы іске қосылды. Бұл технологияны Еуразиялық Топ өзінің барлық өндіруші кәсіпорындарында енгізетін болады.

«Ақылды карьер» жобасы тиімділік көрсеткіштердің толық айқындылығын және бақылауды қамтамасыз етеді, бұл кәсіпорынмен шығарылған өнімнің жалпы экономикалық әсерін арттырады. Жаңалық Индустрия 4.0 элементтерінің бірнешеуін енгізу арқылы концентрат өндірудің толықтай біріктірілген циклын білдіреді.

Жоба элементтерінің бірі ГИС және ERP жүйесімен біріктірілген автоматтандырылған Modular жүйесін енгізумен байланысты. Ол өндірістік процесстерді үлгілеу дегенді біледіреді. Карьердегі жағдайлардың жедел мониторингін, қажетті түзетулер енгізуді және тау-кен көлік жабдықтарын оңтайлы бөлуді оператор емес, компьютерлер жүзеге асырады. Адам тек «Ақылды карьердің» үздіксіз жұмыс істеуін бақылайды.

Нәтижесінде біз 100% шұғыл есепке алуды және инвестициялық шешімдерді қабылдауды қолдау үшін жабдықты пайдалану туралы анық және толық ақпаратты аламыз.

Осының барлығы жаңылуларды азайтады, техниканың жоспардан тыс тұрып қалуын болдырмайды, оның қозғалу және тарату жылдамдығын арттырады, шығындарды оңтайландырады және ең бастысы жабдықтың өнімділігін 10 пайызға арттырады.

-   Біздің өндіру көлемдерінде – бұл шығындар бойынша миллиард теңгеден жоғары үнемдеу есептелетін  өте жоғары көрсеткіш,- деп атап өтті ССКӨБ президенті Береке Мұхаметқалиев. 

-   Бүгінгі таңда ең заманауи технологияларды қолдана отырып, техникамен қайта қаруландыру экономикалық тиімді жобаларды жүзеге асруға және еліміздің кен-металлургия кешенінің бәсекелестік ұстанымдарын нығайтуға көмектеседі. Сондықтан да Индустрия 4.0 элементтері кен өндіру өнеркәсібіне тереңнен енетін болады.

Еуразиялық Топ «Ақылды карьерді» ERG-дің  басқа да кәсіпорындарында енгізуді  жоспарлауда.



хат жіберу