Блог статистикасы
195
Жазбалар
3617
Өтініштер
153321
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 3 Августа 2018

Құрылыс қарқыны қуантады

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанайдағы құрылыс нысандарын аралады. Әкім әуелі Гашек көшесіндегі футбол академиясының базасымен танысты. Нысан құрылысына 917 млн аса теңге бөлінген. Құрылыс өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын, бас мердігер биыл қазан айында толықтай тапсыруға уәде етіп отыр. «Балалардың жатақханасы, ондағы спорт зал толықтай аяқталды. Жаттығу жабдықтарымен қамтылған. Даладағы қос алаңның бірі жасанды, біріне табиғи шөп төселген. Автоматты суару қондырғысы орнатылған», - деді қала әкімінің орынбасары Айдар Хусайнов. Мұнда әлемдегі нөмір бірінші спорт түрімен шұғылдану үшін керектінің бәрі бар. Алдағы оқу жылынан бастап жас аяқдопшыларды қабылдауға әзір. Футбол академиясының сапасына белгілі футболшы Нұрбол Жұмасқалиев та жоғары бағасын берді. Әзірге футбол академиясы еліміз бойнша Алматының "Қайрат" клубында ғана бар.

Өңірдегі футболды дамытуға көп күш жұмсалуда. Соның тағы бір дәлелі ретінде Қостанайдағы футбол манежінің құрылысын айтуға болады. Бұл биыл қаңтар айында басталған еді, ағымдағы жылдың желтоқсанында іске қосылады. 3 мың орындық жабық алаңда халықаралық деңгейдегі спорт бәсекелерін өткізуге болады. Бұдан бөлек, қала және облыс көлеміндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыру үшін қолайлы.

Облыс әкімі бұдан соң қаланың екінші бөлігіне ат басын бұрды. Қостанай-2 ауданындағы құрылыс жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, қаланың осы бөлігінде жаңа ұлттық мәдени орталық пен облыстық сот ғимараты және SmartОрталық, мұз айдыны, емхана мен мектептер салынып жатыр. Сондай-ақ, 22 тұрғын үйдің қабырғасы қаланды. Жоспар бойынша бас-аяғы 51 баспана бой көтермек. Мың адамға арналған ұлттық мәдени орталық биыл желтоқсан айында қолданысқа беріледі. Оның құрылысына 1,8 млрд теңге жұмсалып отыр. Екі концерт залы және бес өнер студиясы бар. Облыстық филармониядағы барлық өнер ұжымын қамтыған. Облыс басшысы "Юбилейный" шағын ауданындағы баспана құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесті. Облыс басшысы сондай-ақ "Қостанай аулалары" бағдарламасы аясында №2, 9 шағын аудандарындағы аула жұмыстарымен танысты. Мұнда 20 млн теңгеге спорт жабдықтары және балаларға арналған ойын алаңдары салынған. Алдағы уақытта қала аулаларын тегіс жаңарту жоспарда бар.

А.Мұхамбетов "Озат" IT мектебінің құрылысымен де танысты. Биылғы оқу жылында мұндағы оқушыларды көптеген жаңалық күтіп тұр. Мектеп диреткоры Ерлан Бекішовтің айтуынша, мектептің бірінші қабаты тегіс ІТ технологияларға арналған. Қазір жаңа жабдықтарды күтіп отыр. Мұнда мобильді касса, күн көзінен қуат алатын батареялар және 3D модельдеу әдісін меңгеру үшін жағдай жасалады. Тағы бір жаңалық, биыл бұл оқу орнында оқушыларға робот сабақ беретін болады. «Құлтемірдің оқушылардың кез келген сұрағына жауап беруге мүмкіндігі бар. Алдағы аптаның ішінде ол робот Қостанайға келеді», - дейді мектеп директоры. Сондай-ақ, "Озатта" киноматография мен анимация студиясы және киберспортқа арналған кабинет ашылады. Мектептің төменгі қабатында LED-экран орнатылады. Онда оқушылар өздерінің жобаларын және сабақ кестесін көре алады.






хат жіберу