Блог статистикасы
195
Жазбалар
4801
Өтініштер
187155
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Өзгенің қателіктерінен сабақ ал»

20 тамызда облыс әкімінің аппаратында Мемлекеттік қызметте қызметтік әдеп стандарттарын нығайту жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Тәртіптік қылықтар мен жауапкершілік: тәжірибе және өткен күндердің сабағы» тақырыбына диалог алаңы өткізілді.

Аталған іс-шараның шеңберінде жалпы әдеп стандартын бұзуға қатысты мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік қылықтары қаралды және талқыланды.


Диалог алаңының қатысушылары қылықтардың түрлерін және мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жауапкершілігін анықтады.

Диалогқа облыс әкімі аппаратының жас мамандары, жаңа бастамалардың агенттері, «Мемлекеттік, банктік ұйымдар мен әлеуметтік қызмет ету жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі» ҚБ, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық ұйымдарының, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мемлекеттік қызмет ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық сарапшылар қоғамдық резонанс пен әдеп қылықтарының мемлекеттік қызметтің имиджіне әсер ететіні жөнінен өз пікірлерін білдірді.

Модератордың, әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Сүйіндіковтің пікірі бойынша әкімшілік бұзушылықтар мен әдеп қылықтарының профилактикасы іс-шараның негізгі қорытындысы болып табылады. «Өзгенің қателіктерінен сабақ ал» деп бекер айтылмаған. Диалогқа қатысушылар нақты мысалдарда құқық бұзушылық қатысушысының өзіне де, мемлекеттік қызметтің имиджіне де келтірілетін келеңсіз салдарын көруге мүмкіндік алды. Әр қатысушы өзіне тиісті қорытынды жасады.


хат жіберу