Блог статистикасы
196
Жазбалар
2825
Өтініштер
135108
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 2 Апреля 2018

Облыс әкімдігі мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен екіжақты меморандумға қол қойды

Қостанайда цифрландырудың жол картасы бойынша 30 жоба ауыл шаруашылығы саласына енгізілді. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында белгілі болды.

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ ректоры Ақылбек Күрішбаев бастаған бір топ астаналық ғалымдармен кездескен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі цифрландыру бағдарламасы туралы сөз етті. «Жаңа бағдарламаны жүзеге асыруда біздің облыс пилоттық жоба ретінде танылғаны белгілі.

Бүгінде астықты аймақта цифрландырудың жол картасы түзіліп, оған 70-ке тарта жоба кіріктірілген. Соның 30-ы ауылшаруашылық саласына тиесілі. «Ақылды» технологиялар ет, сүт фермаларына, егіншілік шаруашылығына енгізіледі. Егістік алқаптарының электронды картасы, жерсеріктік GPS навигациясы, автоматтандырылған мал бақылау құрылғылары алдағы күндері үйреншікті құбылысқа айналады», - деді өңір басшысы.

Ал Ақылбек Күрішбаевтың сөзінше, цифрлы жүйенің агроөндіріске тигізер септігі зор. Қазірдің өзінде аталған оқу орны егін шаруашылығын сапалы жүргізу және топырақты өңдеу үшін ғарыштық түсірілім жүргізеді. Соның нәтижесінде Ақмола облысындағы алқаптардың электронды картасы жасалды.

«Еліміздің солтүстігінде негізгі астық өсіретін облыстарда агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру жұмыстары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арқылы іске асырылады. Осы тұста Қостанай облысымен тығыз әріптестікті күтеміз. Жалпы, біз жаңа технологияға көшу арқылы елдің экономикалық әлеуетін көтеруге ықпал ете аламыз. Ғылыми тәсілдерге жүгінбесек, заманауи агротехнологияларды қолданбасақ, әлемдік дамудың көшіне ілесе алмай қалуымыз мүмкін. Мен жақында Қытайда болдым. Ол жақтағы агроөнеркәсіп саласының мамандары түгел цифрландыруға көшкен. Енді бірігіп, осы іске кіріссек, көп нәрседен ұтамыз»,-деп атап көрсетті Ақылбек Күрішбаев.

Бүгінгі жиында айтылғандай, еліміздің агроөнеркәсіп кешені жаңа ғылыми жобаларға, оларды дайындайтын заманауи тәсілдерді жетік меңгерген ғалымдарға мұқтаж. Кеңес соңында Қостанай облысының әкімдігі мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті өзара әріптестік туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Қос тарап цифрландыру мәселелерін шешу мақсатында кадр дайындау жұмысын қолға алуға уағдаласты.

Третий блок, по которому университет намерен сотрудничать с Костанайской областью - исполнение технологий. По итогам обсуждения был подписан меморандум.



хат жіберу