Блог статистикасы
193
Blog
2508
Апелляциялық
102790
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 22 Сентября 2017

«Рухани жаңғыру тетігі - тіл» атты мерекелік іс-шара

Қостанай қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Рухани жаңғыру тетігі - тіл» атты салтанатты іс-шара өтті.

Аталған іс-шараға қауымдастықтың, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, БАҚ өкілдері, зиялы қауым және жастар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты: мемлекеттік тілді, «Мәңгілік Ел» құндылығын насихаттау, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшіру идеясын нығайту, Қазақстанда тұратын түрлі этникалық топтардың мәдениетіне және олардың тілдеріне құрметпен қарау, сонымен қатар қазақстандық патриотизімін қалыптастыру.

Жиынның қонақтары қазақ жазбаларының тарихымен тақырыптық көрмесінен танысты және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдады. Сондай-ақ, мерекелік іс-шара барысында тіл саясатының белсенді насихатшылары облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен аяқталды.

хат жіберу