Блог статистикасы
195
Жазбалар
4298
Өтініштер
172381
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 28 Ноября 2018

Федоров ауылына табиғи газ тартылды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Федоров ауданының 90 жылдық мерекесіне орай ауданға іссапармен барып, Тұңғыш Президент күні қарсаңында табиғи газ желісін іске қосты.

Федоров ауданындағы "Промбаза-7" ЖШС-і cалған майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты ағымдағы жылдың тамыз айында жұмысын бастаған. Аталмыш инвестициялық жобаның құны — 1 456,4 млн теңге. Өсімдік майын өндіру цехының жабдығы Германиядан, рафинация цехінің құрылғысы Италиядан, майды құю бөлімінің қажетті құралы Ресей мен Литвадан әкелінген. Зауыт жылына 7000 тонна май шығаруға қауқарлы. Өнімді қаптау және сатылымға әзірлеу жұмыстары жапон техникасымен автоматтандырылған. Зауыт жұмысымен тегіс танысып шыққан өңір басшысы әлеуетті тұтынушы табу керектігін айтты. -Мұндай ірі зауыттар өңірге керек. Жергілікті бюджетке қосар үлесі көп және ауыл азаматтары үшін тұрақты жұмыс орны болады. Ендігі мәселе — сатылымға шығу. Нарықта сұранысқа ие болу керек,-деді ол.    



хат жіберу