Блог статистикасы
196
Жазбалар
2752
Өтініштер
132311
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • Облыс әкімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы туралы» Орталық коммуникациялар қызметінде жасаған баяндамасы
  • Акимы
Басу хат жіберу 18 Мая 2018

Облыс әкімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы туралы» Орталық коммуникациялар қызметінде жасаған баяндамасы

Облыс әкімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы туралы» Орталық коммуникациялар қызметінде жасаған баяндамасы

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарабаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында мықты әрі жауапкершілігі зор азаматтардың біртұтас ұлтын қалыптастыру мақсатында қазақстандықтардың санасын рухани жаңғыртудың ерекше үлгісін ұсынды.

Бағдарламаны сапалы іске асыруды қамтамасыз ету үшін облысымызда Өңірлік комиссия, Сарапшылар кеңесі, арнайы жобалар бойынша жұмыс топтары, Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайтын өңірлік Жобалық кеңсе жұмыс істейді.

2017 жылы Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға жалпы құны 2723 млн. теңге болатын 24 кіші жоба, 339 іс-шара бағытталды, соның ішінде жергілікті бюджеттен – 29 млн. теңге, меценаттар есебінен – 2694 млн. теңге.


Биылғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы құны 4586,5 млн.теңгені құрайтын 85 жоба, 46 кіші жоба, 801 іс-шара іске асырылуда,соның ішінде жергілікті бюджеттен–270,5 млн. теңге, меценаттар есебінен – 4316 млн. теңге.


Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі компьютерлік сауаттылық, тілдерді білу және ашық мәдени кеңістікке негізделген бәсекеге қабілеттілік болып табылады.


Бұл дағдыларды ілгерілету бойынша белсенді жұмыс «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының шеңберінде жүргізілуде.

(Мәлімет үшін. Жыл басынан бері бұл кіші бағдарлама аясында 585 іс-шараны қамтитын 103 жоба іске асырылуда, олардың жалпы құны 212,9 млн.теңге, соның ішінде жергілікті бюджеттен 69,682 млн.теңге, 143,3 млн.теңге тартылған қаражат есебінен).


Бұл бағыттағы біздің мақсатымыз – бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан, білім беру саласында цифрландыруға басымдық беріліп отыр.

Балаларға арналған технопарктер мен бизнес-инкубаторлар желісін құру үшін 172 млн. теңгеден астам жеке инвестициялар есебінен облыстың барлық аймақтарын қамтып, 21 цифрлық технологиялар кабинет сатып алынды (17-сі орта мектептерде, 4-уіқосымша білім беру ұйымдарында). Бұл кабинеттерде робототехника мен 3D-модельдеуге қажетті қазіргі заманғы интерактивті құрал-жабдықтар бар. Соның нәтижесінде, облыс балаларын техникалық шығармашылықпен, әрі цифрлық сауаттылықпен қамтуға үлесі артып отыр.

Сонымен қатар, «Мамандандырылған ақпараттық технологияар мектеп-лицей-интернаты» жобасын іске асыруға облыстық бюджеттен 178 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Жобабиылғы жылғы 1 қыркүйекте іске қосылады. Бұл мектептің мақсаты: балаларға 3D-модельдеу, дербес сайттарын, WEB-қосымшаларын жасауға баулу, ағылшын тілінде ақпараттық технологияларға үйрету.


Туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттемей ұлттық кодты сақтау мүмкін емес, бұл дегеніміз – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізі.

Облыс мектептерінде 100-ден астам мектеп музейлері жұмыс істейді, 87 іздеу отряды құрылған, олардың қызметіне мыңнан астам оқушы қатысады (1029). Жыл соңына дейін өлкетанушылық бағытта 14 жаңа мектеп музейін ашу жоспарланған. Мысалы, Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясында мектеп түлектерінің демеушілік көмегімен құны 5 млн. теңгенің құрайтын мектеп тарихының музейі ашылды.

Сонымен қатар, облыстық «Менің Отаным – Қазақстан» туризм мен өлкетану ресурстық орталығының жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда Орталық 20 электронды экскурсиялық маршрутты жасап шықты.

Мектеп оқушыларының жазғы демалысы кезінде 9 мың бала үшін тарихи және киелі орындарға 600 экспедиция, 2 мың бала үшін 57 экологиялық-туристік алаңдар ұйымдастырылатын болады.

Осылайша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы білім беру мен тәрбие жүйесін толықтай қамтып, туған жерге, тарихи мұрамызға ерекше құрмет қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Өздеріңізге белгілі, мемлекет тарапынан еліміздің табысты тұлғаларын қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Оған Елбасы ұсынған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясындағыжұмыстар айқын дәлел.

Қостанай облысынан бұл жоба жеңімпаздарының тізіміне 3 адам енді: олар – Қазақстанның Еңбек Ері, «Қарасу» сауда-өнеркәсіптік кешенінің бас директоры – Алмат Тұрсынов, конькимен жүгіру спортынан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы, еңбек сіңірген спорт шебері – Денис Кузин, «Жас қанат-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, кәсіпкер - Қайрат Маишев. Қазіргі кезде олар маңызды қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық шараларға, қайырымдылық, әлеуметтік акцияларға, жастармен кездесулерге белсенді қатысып жүр.

Сондай-ақ «Қостанай облысының 100 жаңа есімі» өңірлік жобасы іске асырылуда, оған Тәуелсіздік жылдарында өзінің еңбегімен, дарынымен ел игілігін еселеп жүрген қостанайлық замандастарымыз енгізілді.

Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен жоғарғы және жоғарыдан кейінгі білімі бар мамандар даярлау үшін қаражат бөлінеді. Биылғы жылы 200 грант бөліп отырмыз, оның 100-і – медицина мамандарын, 65-і– педагогтарды оқытуға бағытталады (2017 ж. –техникалық, технологиялық және педагогикалық мамандықтар бойынша 41 грант).

Қостанай облысында 7 жоғарғы оқу орыны (4 - мемлекеттік, 3 - жекеменшік) және 1 Академия жұмыс істейді.


Студент жастар кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға бағытталған республикалық «Ұлы дала жастары» жобасына белсенді қатысуда.

Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Startup Aкадемия» ашылды, осылайша студенттер өз оқу орнында бизнес-жобаларын іске асырып жатыр.

Облысымыздың жоғарғы оқу орындары халықаралық әріптестік аясында бәсекеге қабілеттілікті арттыру, ғылыми зерттеулердің сапасын жоғарылатып, әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған жұмыстар жүргізуде.

Мысалы, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде халықаралық әріптестік шеңберінде «Эразмус+» бағдарламасы бойынша (Европалық одақ) 7 халықаралық жобаны іске асыруда.Олардың жалпы құны 448,5 мың евроны құрайды (4 жоба –2018 жылғы қазанға дейін, 3 жоба –2019 жылғы қазанға дейін). Бұл жобалар аграрлық саясат, ауыл шаруашылығы, жасыл экономика, есептегіш техникалар салаларын қамтиды.

Сондай-ақ осы университетте «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша «Агро – Био – Технологиялық& Ветеринарлық хаб» құрылып жатыр, ол өңірлік агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде мамандарды даярлаудың озық әлемдік тәжірибесін енгізу мақсатында 10 жоба іске асырылуда, оларды Әлемдік табиғат қоры, Халықаралық табиғатты қорғау одағы, Еуропалық одақ қолдап отыр.

Осы мысалдардың барлығы облысымыздың оқу орындарының ашықтығы мен әлем қауымдастығының үздік жетістіктеріне ұмтылысын көрсетеді.

Қостанай облысында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға бағытталған бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізілді (Кіші бағдарламаның тізбесіне 2018 жылы 87 кіші жоба мен іс-шара енгізілген, құны 208,6 млн.теңге).

Атап айтар болсақ:

- тархан Шақшақ Жәнібек ескерткішінің ашылуы,

- 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының батыры Кейкі Көкембайұлының сүйегін жерлеу рәсімі;

- ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин кесенесінің қайта жаңғыртудан кейінгі ашылуы;

- композитор Бақытжан Байқадамовтың 100-жылдығына арналған шаралар;

- «Мемлекеттік кітапханалардың қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы;

- I Республикалық домбырашылар байқауы өткізілді.


«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша кітапханалар мен музейлер қызметін жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыстық кітапханадағы өлкетануға қатысты 5 мыңға жуық құжат электронды-цифрлық форматқа ауыстырылды (4789), музей қорларының 24%-ы цифрландырылды (бұл – республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш).

Ұлттық бірегейлікті, мәдени-тарихи мұраны сақтау жөніндегі жұмыстың маңызды бағыты инфрақұрылымды дамыту болып табылады.


2017 жылы мәдениет мекемелерінің күрделі және ағымдағы жөндеулеріне, материалдық-техникалық базасын нығайтуға 574 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

2018 жылы бұл жұмыс жалғасын тапты. Қазірдің өзінде тек қана 4 мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне 371 млн. теңге бөлініп отыр (Лисаков қаласында2 нысан - 71 млн. теңге, Ұзынкөл ауданы мен (50,0 млн. теңге) мен Қарабалық ауданында (250,0 млн.теңге) 1 нысаннан).


Облыстың ғылыми қауымдастығы өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге белсенді түрде атсалысады.

2017 жылы қостанайлық ғалымдар музей қызметкерлерімен бірлесе отырып, 2 археологиялық экспедиция ұйымдастырды, нәтижесінде Аманкелді ауданының 200 археологиялық ескерткіші, Әулиекөл ауданының 51 ескерткіші туралы ғылыми есептер жасалды, Әулиекөл ауданының Белқарағай қонысында қазба жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы зерттеу жұмыстары жалғасын табады. Торғай геоглифтерінде, Қамысты ауданының археологиялық ескерткіштерінде ғылыми-зерттеу экспедицялары жүргізілетін болады (бұл жұмыстарға 4,6 млн. теңге бөлінген).

Жоба аясында Облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстың киелі орындарына арналған «Рухани жаңғыру» залы ашылатын болады.


Қостанай облысының киелі орындар тізіміне 29 нысан енгізілген, соның ішінде 10 жалпыұлттық (Торғай геоглифтері, Қамысты қонысы, Екідің ескерткіші, Барақ Жанұзақұлының кесенесі, ЖәукеНазарғұлұлының кесенесі, ЫбырайАлтынсариннің кесенесі, МіржақыпДулатовтың кесенесі, Аманкелді Имановтың жерленген жері, ӘбдіғаппарЖанбосынұлының кесенесі, Кейкі батыр кесенесі) және 19 жергілікті нысан бар.

Жоғарыда атап өткеніміздей, тарихи мұраларды қастерлеу аясында өткен жылы тартылған қаражат есебінен Кейкі батырдың кесенесі салынды (97 млн.теңге), бюджет қаражатына Ыбырай Алтынсарин кесенесі қайта жаңғыртылды (180 млн. теңге).

Биылғы жылы сакралды нысандарды жөндеу, қайта жаңғырту және аумақтарын абаттандыруға 88,5 млн. теңге тартылған қаражат жұмсалмақ. Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған үйі қайта жаңғыртылады (11 млн. теңге), Барақ батыр кесенесі жөнделеді(8,7млн.теңге), Әулие Николай шіркеуін қайта жаңғырту жұмыстары басталады, барлық киелі нысандардың аумағы абаттандарылады.


Былтыр журналистер мен блогерлер үшін «Ұлы дала қазынасы» жобасы аясында Қостанай облысының киелі орындары бойынша 32 экспедиция ұйымдастырылды.

Биылғы жылы облыстың мәдени мұрасын зерттеу мен кеңінен таныту жұмыстары жалғасын табуда. Мысалы, 11 мамыр күні облыстың өлкетанушылары «Қасиетті Қазақстан» орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлымен кездесіп, «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасын талқылады. Мұндай кездесулер бағдарламаның барлық бағыттары бойынша ұйымдастырылады.

«Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті» жобасы бойынша 2017 жылы Қостанай облысының 19 шығармашылық ұжымы мен 34 дарынды өкілі 24 халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысып, 50 жүлделі орынды жеңіп алды (Санкт-Петербург, Челябі, Смоленск, Волгоград, Қазан, Қорған; Ашдод и Реховот (Израиль) қалалары).

Қостанайлық кәсіпкерлер «Атамекен» кіші бағдарламасының идеяларын қызу қолдады. Бизнес-құрылымдардың қолдауымен «Көркейе бер, Қостанай!» акциясы аясында 2017 жылы 135 әлеуметтік жоба іске асырылды. Соның арқасында елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымы біршама жақсартылды - 101 білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемесі жөнделді, 61 әлеуметтік нысанның материалдық-техникалық базасы нығайтылды, 18 балалар мен спорт алаңдары орнатылды. Меценаттар осы мақсатта 2 млрд. 674 млн.теңгеқаржы жұмсады.

Бұл акция биыл да жалғасын тауып отыр. Облыс қалалары мен аудандарында кәсіпкерлердің қолдауымен жалпы құны                             4 млрд.165 млн. Теңгені құрайтын 140 әлеуметтік жоба іске асырылатын болады. Қазіргі таңда құны 198 млн.теңге болатын 24 жоба аяқталды. Соның ішінде білім беру мекемелерінде 21 цифрлық технологиялар кабинеті, Қарасу ауданында өлкетану музейі ашылды (1 млн.теңге), Аманкелді ауданының Есір ауылында мәдениет үйінің ғимараты қайта жаңғыртылды (14 млн.теңге), Лисаков қаласында «Бәйтерек» шағын сәулет ескерткіші бой көтерді (7 млн.теңге).

Сондай-ақ, Қостанай қаласында меморандум шеңберінде және меценаттар қаражаты есебінен Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның құрметіне саябақ ашылып, ескерткіш мүсіні орнатылады; сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне Даңқ аллеясы ашылады.

Наурыз мейрамы қарсаңында облыстың этномәдени бірлестіктері Қостанай қаласында Қазақ халқына алғыс монументі орнату туралы бастама көтерген болатын. Біз бұл бастаманы қолдадық, қазіргі уақытта оны орнататын жерді белгілеп отырмыз. Биылғы жылдың күзінде монументті ашу жоспарланып отыр.

Қостанай қаласында 1000 орынға арналған Ұлттық мәдени орталық салынады. Жобаның құны 1 млрд.700 млн. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, 2018 жылы Eurasian Resources Group және Қостанай облысының әкімдігі арасында жалпы құны 2,6 млрд. теңгені құрайтын әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру жөніндегі Меморандум бекітілді.

Меморандум аясында ERG Қашар және Горняцкий кенттерінде магистральді су құбырларын жаңғыртуды, Арқалық қаласындағы М.Әуезов атындағы №5 орта мектептің жөндеуін, Қаратомар су қоймасында демалыс орнын және Октябрь кентіндегі саябақты абаттандыруды қаржыландырады. Былтырғы жылдағыдай ЕRG Лисаков техникалық колледжіне оқу жабдықтарын, Рудный көлік және құрылыс колледжіне, Рудныйдағы №2 гимназия мен №1 Қашар орта мектебіне STEM-лабораториялар алуға көмектесетін болады. Бұл оқу орындары тау-кен металлургия саласына мамандар даярлаумен айналысады.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қолдау мақсатында былтырғы жылдан бері Меценаттар мен қайырымдылық жасаушылардың Форумы өткізіледі. 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстық форумдаең белсенді 10 кәсіпкерді марапаттадық.

Биылғы жылы мұндай Форумдар облыстың әр аймағында өткізіліп, қараша айында Қостанай қаласыында облыстық форум өткізілетін болады.

Бүгінде Қостанай облысы әлеуметтік-саяси жағдайы тұрақты, экономикасы өркендеп дамып келе жатқан аймақ. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешені дамыған, минералды-шикізат қоры бай, тау-кен өндіру кешені мен машина жасау өндірісі қарқынды.

Дегенмен, осы табыстардың барлығы аймақтың дамуына қомақты үлесін қосып жүрген азаматтардың еңбегіне байланысты.

Біздің басты байлығымыз – еңбексүйгіш, білімге, кәсіби өсуге және рухани жаңғыруға ынталы, ел тағдырына жауапты азаматтарымыз. Біз оларды мақтан тұтамыз, солардың еңбегінің арқасында ел болашағына сеніммен қараймыз!


хат жіберу