Блог статистикасы
195
Жазбалар
4939
Өтініштер
197296
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Табысты өңіраралық ынтымақтастық

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақстандық делегация құрамында Ресей Федерациясының Омбы қаласында өтіп жатқан XVI Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына (Форум) қатысты.

Форум жұмысына өңір және облыс басшылары, мемлекеттік орган мен бизнес саласының өкілдері қатысты, сондай-ақ Форум жұмысы барысында шекаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелер қаралды, ресейлік өкілдермен екіжақты кездесулер өткізілді.

Форум қорытындысы бойынша барқатар келісімдерге қол қойылды, оның ішінде Қостанай облысының әкімдігі мен Челябі облысының Үкіметімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық туралы Келісімдерге қол қойылды.

Сонымен бірге Форум шеңберінде Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі мен Свердлов облысының Қоғамдық Палатасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Мұндай тәжірибе өңірлік азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастығы туралы келісімдерге қол қою бірінші рет болып отыр.

Қостанай және Свердлов облыстарының жұртшылығы өңірлерде қоғамдық пікірлерде қолдау алған жобалармен, азаматтық қоғамды қызықтыратын әдістемелік және басқа да материалдармен алмасуға келісті.

хат жіберу