Блог статистикасы
196
Жазбалар
2834
Өтініштер
135341
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 8 Декабря 2017

Сүндет Байғожин туған жерінде тұңғыш концертін өткізді

Сүндет Байғожин туған жерінде тұңғыш концертін өткізді

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры сыйлығының лауреаты, еліміздің мақтанышы, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин туған өлкесінде Қостанай қаласында тұңғыш концертін берді.

Концерт Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда өткізілді. Кеш иесі алдымен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Жерлестерінің ыстық ықыласы «Сұршақыз», «Аққурай» сияқты халық әндерінен соң да байқалды.

Концерттік бағдарламада Қазақстанның мәдениет қайраткерлері Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева, Төлеген Мұхамеджановтар бейнеқұттықтауларын жолдады.

Мұнан соң атақты Августин Лараның «Granada», Петр Булаховтың «Тройкасы» шырқалды. Сондай-ақ, қостанайлықтарды өз өнерлерімен қуанту үшін «Астана Опера» театрының бір топ әртістері келді. Атап айтсақ, Сүндет Байғожин Айзада Қапановамен бірге «Севилья шаштаразы» операсындағы Фигаро мен Розинаны, Майра Бейнешпен «Маржан іздеуші» операсындағы Надир мен Зургиді орындады.


хат жіберу