Қостанай облысының ресми интернет - ресурсы
Блог статистикасы
170
Blog
2364
Апелляциялық
90328
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 26 Апреля 2016

Краснооктябрь боксит кенішіне карьер жолдарының шаңын басатын және суландыратын заманауи техника сатып алынды

 

Еуразиялық Топ (ERG)  құрамына кіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы – Краснооктябрь боксит кенішінежарамсыз болып, қатардан шығып қалған жабдықтарды алмастыратын БелАЗ-7643 маркілі жаңаүш су шашатын машина жеткізілді.

Инвестициялық бағдарлама шеңберінде сатып алынған  техника  карьер жолдары мен жұмыс алаңдарының, үйінді мен экскаватор кенжарларының  шаңын басу үшін  боксит кеніштерінде қолданылатын болады.Жаңа, заманауи көлікті жұмысқа енгізукеншілердің еңбек жағдайын жақсартуға және қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

– Экономикалық қиын жағдайға қарамастан, компания басшылығы машиналар паркін жаңартуды жалғастыруда, бұл бірінші кезекте біздің жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет, -деді КБКБ технологиялық көлік цехының бастығы Сергей Гараев. – Су шашатын машина жұмысының негізгі мақсаты – шаңды басу. Өйткені ол кәсіпорынның кен өндіру және қайта өңдеу өндірістік үдерістерінен туындайды. Шаң машиналар мен жабдықтардың тозуын тездетеді және жөндеуді ұзартып, күрделендіреді. Сондықтан, келген техниканың мәні зор! Шаңды басу тәсілін уақыт дәлелдеген, оның жоғары тиімділігін көрсетті.

Құны 140 млн теңгеге жуықБелАЗ-7643 маркілі су шашатын машина карьерлік техникаға қойылатын заманауи талаптарға толық сай келеді: олар қызмет көрсетуге қарапайым, икемді әрі шапшаң.Айта кетерлігі, жаңа машинада жүргізушінің жұмыс жағдайы айтарлықтай жақсарған, кабинадакондиционер, жүргізуші мен жолаушының үш нүктелі қауіпсіздік белдігі қарастырылған және гидрокүшейткіші бар. Жаңа көліктегі  цистернаның көлемі 35 текше метр, оның су шашырататын аймағының ені 25-30 метрді қамтиды.

– Мұндай заманауи машинамен жұмыс істеу өте қолайлы. Осындай машинаның жүргізушісі ретінде менің ұстанатын қағидам – адам мен қоршаған ортаны қорғау,- деп өз ойын білдірді білікті жүргізуші Анатолий Фоменко. –Алысқа ататын су зеңбірегі шаңды басуға, сонымен қоса арнайы сұйық құятын құрылғы  шаң пайда болатын орында тікелей су беретін, «нүкте» және «қоңырау» жергілікті  тозаңдатуды жүргізеді. Мен мұндай техникамен жұмыс істегеніме қуаныштымын, техниканы басқару мүлдем қиын емес,-деді ол.

Краснооктябрь боксит кенішінің технологиялық үдерісінде өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін техника паркін жаңарту жүйелі түрде жүргізілуде. КБКБ кеншілерінің иелігінде 130 бірлік технологиялық көлікбар. Жаңа  көліктеркәсіпорынға инвестициялық бағдарлама бойынша сатып алынғанарнайы техниканың - екінші легі.  Сондай-ақ, КБКБ техника паркіне өткен жылдың күзінде келгендері тексеруден өткен соң,  жұмысқа қосылған.  

 

 

 «Қазақстан алюминийі» АҚ

 Корпоративтік коммуникациялар орталығы


хат жіберу
E-mail