Блог статистикасы
193
Blog
2508
Апелляциялық
102812
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 25 Июля 2017

Егіс алқаптарын әртараптандыру мәселелері жөніндегі кеңес

Меңдіқара ауданының «Қарқын» ЖШС алқаптарында облыс әкімі А.Б. Мұхамбетовтің қатысуымен егіс алқаптарын әртараптандыру мәселелері жөніндегі кеңес болып өтті. Кеңеске облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Алқап күнінде майлы, бұршақ тектес және мал азығындық дақылдар өсіруге арналған ауылшартехникасының көрмесі ұйымдастырылды.

«Әртараптандыру – экономиканы  таяу болашақта дамытудың басты артықшылығы», - деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, кеңеске қатысушыларды құттықтай отырып. «АӨК-ні мемлекеттік қолдау арқасында тек соңғы 7 жылда ғана Қостанай облысы үшін субсидиялар және басқа да көмек түрінде шамамен 270 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 53% - қайтарылмайтын қаражат», - деп атап көрсетті өз сөзінде өңір басшысы.

Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде дамудың оң серпіні сақталып отыр. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы жалпы өнімі өндірісінің көлемдері 1,5 есе ұлғайды.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға бағытталған шаралар оң нәтижелерін берді, облыстың бірнеше: Федоров, Меңдіқара және Қарабалық тәрізді аудандарында 50 мың гектардан астам майлы, дәндібұршақ дақылдарына арналған алқаптар бар.

Сонымен қатар, облыста Федоров, Таран аудандарында және Қостанай қаласында үш элеватор құрылысы жоспарлануда, бұл майлы дақылдар тұқымдарын кептіруді, қабылдауды және сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ауылшаркәсіпорындарын қажетті инырақұрылымын жасау жөніндегі шығындардан босатады.

Бүгінгі таңда Қостанай облысында майлы дақылдар өсірумен 476 шаруашылық айналысуда.




хат жіберу