Блог статистикасы
195
Жазбалар
3276
Өтініштер
143440
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 14 Апреля 2018

А. Мұхамбетов су қоймалары мен бөгеттерді тексерді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Таран және Жітіқара аудандарындағы бөгет және су қоймаларындағы жағдайды тексерді.

Таран ауданында әкім Аят өзенінің жағасында салынып жатқан бөгетті барып көрді. Бөгетті салуға облыс бюджетінен 116,4 млн. теңге қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстары биыл қазан айына қарай бітуі тиіс. Архимед Мұхамбетов нысанды мерзімінде сапалы етіп тапсыру талабын қойды.

Жітіқара ауданында үш су қоймасы биыл күрделі жөнделеді. Жоғары Шортанды және Төменгі Шортанды су қоймаларын жөндеуге 154,4 миллион теңге бөлінген. Екі су қоймасы да 1962 жылы пайдалануға берілген.

Өңір басшысының айтуынша, мамырда жөндеу жұмыстары басталады. Қаламен жапсарлас орналасқан су қоймасын жөндеу аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Нысанның мердігер ұйымы жұмыстарды мерзімінде әрі сапалы аяқтайтынын жеткізді. Мерзім 2018 жылдың тамызына жоспарланған.







хат жіберу