Қостанай облысының ресми интернет - ресурсы
Блог статистикасы
180
Blog
2420
Апелляциялық
94060
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Кеше, яғни 31-наурызда Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Кезекті отырыс Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Комиссияның төрағасы М. Қ. Жүндібаевтың басшылығымен өтті, отырысқа Комиссия мүшелері – ІІД Жергілікті полиция қызметінің, заң департаментінің, қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, облыстық басқармаларының басшылары, азаматтық сектордың өкілдері, облыс колледждерінің директорлары қатысты.

Отырыс шеңберінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалар жарақаттанушылығын алдын алу жөнінде мемлекеттік органдарының, педагогтардың, ата-аналар қоғамының, азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесу жөніндегі мәселесі талқыланды.

Отырыс барысында ішкі істер департаментінің ювенальді полициясы бөлімінің бастығы Г.Н. Лежнина жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтарды және аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу мәселесі бойынша сөз сөйледі.

Облыс колледждерінің директорларымен бірге мектеп түлектерінің өзін өзі кәсіби анықтауы, колледж оқушыларын жұмыспен қамту мәселелері қарастырылды. Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы К. Т. Ибрагимов, Федоров ауылшарушылық колледжінің директоры А.Н. Деряга баяндамаларын оқыды.

Отырыс соңында, Комииссия мүшелеріне мүдделі мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметтік емес сектормен балалардың жол-көліктік жарақаттанушылығын алдын алу бойынша жұмысын күшейтуге кеңес берілді, аталмыш мәселеге жарнама агенттерінің назарын аудару керек, ақпараттық сипатындағы баннерлердің санын арттыру қажет. Мектептер мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жанында жол және «жатқан қалыптағы полицей» белгілерін орнату мониторингісі жүргізілсін, оларды кешкі уақытта жарықтандыру.

Комиссия отырысы шеңберінде балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, ата-аналар жиналысын өткізу, кәмелетке толмағандардың қоғамда әлеуметтенуі мен бейімделу мәселесі бойынша тыңдалымдарды ұйымдастыру, техникалық және кәсіптік білім беру үйымдарының түлектерін, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасыларында тұрып жатқан жастарды жұмыспен қамтуға көмектесу бойынша ұсынымдар әзірленді.

 

Комиссия хатшылығы

Тел: 8-7142-39-46-45


хат жіберу
E-mail