Блог статистикасы
195
Жазбалар
4607
Өтініштер
179119
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 17 Июня 2019

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызмет

Бүгін Қостанай облыстық маслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Күн тәртібінде Қостанай облысы әкімінің лауазымына кандидатураны тағайындауды келісу мәселесі болды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Қасенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті тағайындауға келісім беру туралы ұсынысымен сөз сөйледі.

«Архимед Мұхамбетов мемлекеттік басқару органдарында басшылық лауазымдарда үлкен тәжірибесі бар, Ақтөбе қаласының әкімі, Ақтөбе облысының әкімі болды, 2015 жылдың қыркүйегінен бастап Қостанай облысының әкімі болып табылады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Сондай-ақ депутаттардың алдында облыстық маслихат депутаты Береке Мұхаметқалиев сөз сөйледі.

Ол облыс әкімі Архимед Мұхамбетовті өз ісінің шебері және білгірі ретінде атап өтіп, облыстық мәслихат депутаттарына Мемлекет басшысы ұсынған кандидатураға қолдау көрсетуді сұрады.

Депутаттар қазіргі облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің кандидатурасын бірауыздан бекітті.

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещанов Архимед Мұхамбетовті құттықтап, депутаттар Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Архимед Мұхамбетов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артқаны үшін алғысын білдіріп, депутаттарға бірлесіп атқаратын жұмыста сәттілік тіледі.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

хат жіберу