Блог статистикасы
196
Blog
2557
Апелляциялық
109193
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 23 Ноября 2017

Қарабалық ауданының Ворошилов ауылы газға қосылды

Қарабалық ауданының Ворошилов ауылы газға қосылды

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Қостанай облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарату желілерін жаңғырту» инвестициялық жобасы аясында Қарабалық ауданындағы Ворошиловка ауылының тұрғындары газға қосылды.

Көгілдір отынды қосуға арналған салтанатты шараға Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов пен «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директорының орынбасары Мұқан Сәдуақасов қатысты.

Аталған нысанның құрылысы барысында 6,9 км тарта көшеаралық газ құбырлары салынды. Елді мекендегі тұрғындар саны 495 адам. Ауылдағы 155 жеке үйдің 49-ы газға қосылған, тағы 4 үйдегі монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Бұған қоса Ворошиловкада 4 дүкен, 1 мектеп пен мәдениет үйі бар.

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов өз сөзінде: «Халықтың әл-ауқатын арттыру — біздің басты мақсатымыз. Сондықтан Ворошиловка секілді тұрғындар саны аз ауылдардың газға қосылуында үлкен мән бар. Бірінші кезекте ауа тазарады, тұрғындар көмір тасып, ағаш жарудан құтылады. Демек, өзге маңызды шаруаларға көбірек уақыт бөлінеді. Бұл қазіргідей ауыр кезеңде аса маңызды. «ҚазТрансГаз» компаниясы үлкен жұмыс атқарды. Екі жылда облыста 600 км газ құбыры салынады, 50 мыңнан астам тұрғыны бар 8 елді мекенге газ беріледі. Осының арқасында газға қосылған халық саны 10% артады», - деп айтты.

«ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директорының орынбасары Мұқан Сәдуақасов: «Елбасының тапсырмасы бойынша елімізді газдандырудың бас жоспары бекітілді. Осы жоспарды жүзеге асыру аясында Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» былтыр Қашар мен Октябрь кенттерін газ жүйесіне қосты. Биыл Сіздердің ауылдарыңыздан бөлек Тоғызақ, Антоновка, Алчановкаға газ беріледі. Жобаға сай ауыл ішіндегі құбырларды «ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ орнатты. Әрбір абоненттің үйінің алдына газ құбыры келіп тұр. Ал оны үйге жалғау, газ жабдықтары мен есептеуіш құралдарды орнату жұмыстарымен қызмет көрсететін мекемелер айналысады».

 

Ақпарат үшін:

2015 жылдың қараша айында мемлекет басшысының өндірістік процестерді тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы аясында, сондай-ақ өңірдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, газбен жабдықтау және экологиялық ахуалды жақсарту, газ құбырларының қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында „ҚазМұнайГаз“ ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және Қостанай облысы әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес, былтыр 13,5 мыңнан астам тұрғыны бар Қашар және Октябрь кенттері газдандырылды. Бүгінгі таңда Қостанай облысының 55% тұрғыны көгілдір отынға қосылған. 170 мыңнан астам абоненттің 1656-ы заңды тұлғалар, жеке тұлғалар саны 168 624. Алдағы екі жылда олардың саны 220 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр.





хат жіберу