Блог статистикасы
195
Жазбалар
3165
Өтініштер
138779
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 15 Января 2018

Қостанай облысының әкімдігінде бірнеше кадрлық тағайындаулар болды

Қостанай облысы әкімдігінің аппарат мәжілісінде облыс әкімінің жаңа орынбасары таныстырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қостанай облысының әкімінің орынбасары болып Ерлан Махмұтұлы Спанов тағайындалды. Ол бұған дейін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған еді. «Ерлан Спанов экономика және қаржы мәселелері бойынша жұмыстарға жетекшілік етеді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуларды бір жүйеге келтіруді тапсырамын. Ал облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюкке тұрғын үй құрылысы, коммуналдық шаруашылық саласын бақылауға алады», - деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.


Сондай-ақ Архимед Бегежанұлы жаңадан тағайындалған бірнеше басқарма басшыларын да таныстырды. Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына Иса Мұсаұлы Құдабеков келді. Ол аталған қызметке дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриалдық-инновациялық даму бөлімінде бас кеңесші болған. Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Евгений Вильямс бекітілді. «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасының бұйрығымен Берік Молдабайұлы Қайдаров «Қостанай жолдары бөлімі» басшылығына келді. Ол бұған дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарған.

хат жіберу