Блог статистикасы
195
Жазбалар
5243
Өтініштер
212616
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 11 Марта 2020

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Тұжырымдаманың міндеттерін іске асыру

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 11 наурызда қалалар мен аудандар әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді.

Күн тәртібінде тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселе қаралды, осыған байланысты Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк баяндама жасады.

Спикер Қостанай облысының аумағында жыл сайын шамамен 250 мың тонна ТҚҚ жиналатынын, олар қолданыстағы ТҚҚ полигондарында орналастырылатынын айтты.

«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі Тұжырымдамасының міндеттерін іске асыру шеңберінде 2019 жылы «Экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келетін                   ТҚҚ орналастыру объектілерінің үлесі» нысаналы индикаторы бойынша жоспардағы 40%-тен нақты жетістік 41,7%-ті құрады», – деп атап өтті                            С. Карплюк.

Елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау мақсатында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2018 жылдан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ геопорталынан алынған космотүсірілімдер негізінде облыс орталығынан 50 шақырым радиуста әкімшілік аумақтарға ғарыштық мониторингін жүргізуде.

Сондай-ақ, жыл сайын тұрғындар арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын қарастыратын ТҚҚ және құрамында сынап бар пайдаланылған шамдарды бөлек жинауды насихаттау бойынша іс-шаралар іске асырылуда.

2019 жылы еріктілердің қатысуымен жалпы сомасы 3,3 млн. теңгеге             20-дан астам ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, С. Карплюк «2020 жылы тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді енгізу, оларды кәдеге жарату үлесін 10%-тен 18%-ке дейін жеткізу, ТҚҚ полигондарын және ауылдық қоқыс тастайтын жерлерді заңнамалық талаптарға сәйкестендіру               іс-шаралары жоспарланғанын» атап өтті.

Кеңес соңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандар әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына тапсырмалар берді.

«Қалалар мен аудандар әкімдіктері ағымдағы жылы тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үлесін 18%-ке дейін жеткізе отырып, қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды, кәдеге жаратуды енгізу бойынша жұмыстарды жандандырсын, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ геопорталы арқылы ғарыштық мониторингі барысында анықталған қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру орындарын жоюды қамтамасыз                    етсін», – деп қортындылады облыс әкімі.

хат жіберу