Блог статистикасы
196
Жазбалар
2596
Өтініштер
113209
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 7 Декабря 2017

«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, қала мен аудан әкімдері – партияның қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары, облыстық басқармалар мен аймақтық департаменттер басшылары, партия белсенділері, қалалық және аудандық филиалдар төрағалырының бірінші орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының 2017 жылдың 11 айы ішінде атқарылған жұмыстың нәтижесі талқыланды. Көтерілген мәселе бойынша партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанабай Бисимбаев сөз сөйледі. Өз сөзінде ол атқарылған жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталып кетті.

«2017 жылдың 1 желтоқсанына «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қатарында 434 бастауыш партия ұйымдарына кіретін 64 559 мүше бар. Сондай-ақ партияның жұмыссыз мүшелері санын азайтуда ауқымды жұмыс атқарылуда. Биыл бұл көрсеткіш 17% -дан 2% -ға дейін төмендетілді. Жұмыс осы бағытта әлі де жалғасын табуда», – деп мәлімдеді Жанабай Бисимбаев кеңес қатысушыларына.

Сонымен қатар баяндаманы талқылауға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Михаил Дауенов, облыстық мәслихат депутаты, депутаттық фракция жетекшісі Екатерина Смышляева, партияның Әулиекөл аудандық филиалының төрағасы, Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Таукенов қатысты.

Кеңес отырысын қорытындылаған кезде облыс басшысы партияның Саяси кеңес отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалары бойынша қазіргі танда орталық деңгейде Партия қызметін жаңғырту бойынша нақты жоспар әзірленіп жатқандығы жайлы айтып кетті. Осы орайда 2018 жылы партияның филиалдарына, барлық деңгейдегі мәслихаттар фракцияларына, бастауыш партия ұйымдарына Партия көшбасшысы атап өткен бағыттар бойынша жұмысты күшейтіп, партия мүшелерінің белсенділігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру қажет.

Іс-шара соңында Архимед Мұхамбетов «Нұр Отан» партиясының үздік бастауыш партия ұйымы» және «Нұр Отан» партиясының үздік қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауларының облыстық кезең жеңімпаздарына дипломдар, партия ардагерлеріне Партия орталық аппаратының құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтарды табыстады.



хат жіберу