Блог статистикасы
186
Blog
2450
Апелляциялық
97069
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 24 Июля 2017

Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы

Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы

24 шілдеде облыс әкімі А.Б. Мұхамбетовтың төрағалығымен облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Қостанай облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылды. Өткен жылмен салыстырғанда, 2017 жылы металлургия өнеркәсібінде және машина құрылысы саласында өсім байқалды. Облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалованың атап өткеніндей, өнеркәсіптік өндірісінде биылғы бірінші жартыжылдықта өсім 3,9% құрады. Тау-кен секторында көлемдер 4,1%-ке өсті. Жер қойнауын пайдаланушылардың ірі кәсіпорындары мыс кенін шығаруды сегіз есе, құрамында алтыны бар кен өндіруді 15,7%, шекемтас өндірісін – 32,2%-ке ұлғайтты. Мұның сыртында, «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС-те автобустар өндірісін 12,4 есе, жеңіл автомобильдерін – 1,9 есе ұлғайтудың арқасында, машина құрылысы саласында өсім 67% құрады. Облыстың автоөнеркәсіп кәсіпорындарының мамандандырылуын атап өткен жөн, мәселен «АгромашХолдинг» АҚ ауылшаруашылық техникасын шығарумен, ал «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС – автомобильдер өндірісімен айналысады. Жыл басынан бері Iveco маркалы 215 автобус құрастырылды, конвейерден Hyundai, Ravon, Jac, Chevrolet Niva, Peugeot және Ssang Young маркалы 2 126 автомобиль шығарылды. Облыс экономикасына инвестициялар көлемі жыл басынан бері 66 млрд.теңге құрады, инвестициялардың шамамен 40% құрылыс секторына тиесілі. Құрылыс жұмыстары көлемінің оң серпініне тұрғын үй құрылысына инвестициялар ықпал жасады. 2017 жылдың алты айының қорытындылары бойынша тұрғын үй құрылысына инвестициялар өсімі өткен жылғы деңгейдің 29,3% құрады. 114 мың ш.м. тұрғын үй немесе 955 пәтер пайдалануға берілді. Биылғы жылы барлығы 220 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Мұнымын қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін енгізу шеңберінде экономиканың әртүрлі: экономика, білім беру, денсаулық сақтау, ТҮКШ, тұрғын үй құрылысы, мәдениет және спорт салаларында жалпы сомасы 18,5 млрд. теңге тұратын 54 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдің дамуындағы оң серпінді атап көрсетті. Дегенмен кемшіліктер де бар. «Ауыл шаруашылығы бойынша субсидиялардың 67% игеру қажет, аудандар мен қалалардағы мал басының азаюына жол берілуі, әкімдердің микрокредиттер бойынша жұмысты толыққанды жүргізбей отырғандығын көрсетеді, ал олар негізінен алғанда ауыл шаруашылығы малының санын көбейтуге бағытталады», - деді өңір басшысы. Архимед Мұхамбетов, ШОБ субъектілері санының азайғандығына қарамастан, өнімдердің көбейіп келе жатқандығын атап өтті, ал бұл көптеген аудандарда жұмыс істемей тұрған кәсіпорындардың көп болғандығын байқатады.


хат жіберу
E-mail