Блог статистикасы
195
Жазбалар
4923
Өтініштер
194177
Келушілер
Жаканов Аманжол Жомартович
Руководитель Департамента государственных доходов по Костанайской области


Байланыс ақпараты

Контактный телефон - 53-70-50
Адрес - г.Костанай, ул.Гоголя, 183
О фактах преступлений и правонарушений, либо информации о готовящемся преступлении в сфере таможенного и налогового законодательства, коррупционных и других неправомерных...

Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Жаканов Аманжол Жомартович
Руководитель Департамента государственных доходов по Костанайской области

Байланыс ақпараты

Контактный телефон - 53-70-50 Адрес - г.Костанай, ул.Гоголя, 183 О фактах преступлений и правонарушений, либо информации о готовящемся преступлении в сфере таможенного и налогового законодательства, коррупционных и других неправомерных...

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Жаканов Аманжол Жомартович
Руководитель Департамента государственных доходов по Костанайской области

Байланыс ақпараты

Контактный телефон - 53-70-50 Адрес - г.Костанай, ул.Гоголя, 183 О фактах преступлений и правонарушений, либо информации о готовящемся преступлении в сфере таможенного и налогового законодательства, коррупционных и других неправомерных...

Облыс әкімінің Таран ауданына жұмыс сапары

           5 мамыр күні Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Таран ауданына барды.

Бас сұққан алғашқы нысан Новоильинов орта мектебі болды. Облыс әкіміне оқушылардың жеткен жетістіктерін, сондай-ақ жаңартылған кабинеттерді көрсетті.

Сонымен қатар, облыс әкімі мектеп ұжымымен кездесіп, педагогтардың сұрақтарына жауап берді.

Мектепте 47 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 32-сі жоғары білімді, ал 15-інде орта кәсіптік білімі бар. Мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа модификацияда робототехника, химия және биология кабинеттері және шағын орталық ашылған. Қазіргі уақытта 345 адам оқып жатыр, оның ішінде 260-ы 1-11 сынып оқушылары, 21-і мектепке дейінгі даярлық сыныбының оқушылары және 64 бала шағын орталыққа барады.

Сондай-ақ Архимед Мұхамбетов «Животноводческий комплекс Ленинское» ЖШС жұмысымен танысты. 2011 жылы құрылған бұл кешен асыл тұқымды мал басын көбейтумен және шошқа етін өндірумен айналысады. ЖШС директоры Анатолий Злой облыс әкіміне өндіріс туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Архимед Мұхамбетов Тобыл кентінде Смирновтар отбасына бас сұқты. Жыл басында меценаттар «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында бұл отбасыға жаңа үй сыйлады. Мұның алдында Смирновтар кент шетіндегі кішкентай ғана кепеде өмір сүріп келген болатын. Коммунациямен проблемалар және электр жарығы қиын еді, ал қазір жылы, әрі үлкен жарық үйде өмір сүруде.

Аталған отбасы облыс әкіміне, сондай-ақ қол ұшын созып, көмек көрсеткен меценаттарға алғыстарын білдірді және де жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті 117 мың теңге көлемінде алғанын айтты.

Өз кезегінде Архимед Мұхамбетов Смирновтар отбасын келе жатқан мерекемен құттықтап, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауда бизнес өкілдерінің ауқымды жұмысын атап өтті.

Өзінің жұмыс сапарының қорытындысында облыс әкімі «Қайсар» спорттық кешенінде болды. Бұл кешенге 2018 жылы тартылған қаражат есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліген болатын, демеушілік жасаған «Варваринское» АҚ болып табылады. Жалпы құны 1,4 млн теңге сомаға қажетті құрал-жабдықтар мен тренажерлер сатып алынды. Қазіргі уақытта спорттық кешенде 57 бала мен 40 ересек адам жаттығуда.




хат жіберу