Блог статистикасы
196
Blog
2540
Апелляциялық
106840
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 30 Июня 2017

Қарабалық ауданына жұмыс сапары

Қарабалық ауданына  жұмыс сапары

Облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов жұмыс сапарымен Қарабалық ауданына, соның ішінде 30 000 тоннаға арналған  бидайды өңдеу мен сақтау кешені - «Урнекское Л.А.»  ЖШС-не барды.  Кешен бидайды қабылдау, тазарту, кептіру, жинау, сақтау және жөнелту бойынша қызметтер көрсетеді. Жобаның құны 1,5 млрд.теңге.

«Ак-Бидай-Агро» ЖШС-нің егістерінде  Архимед Мұхамбетов ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп,  өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, тұқым базасын жақсарту және тыңайтқыштарды енгізу қажеттілігіне назар аударды.

Новотроицк ауылдық округінде облыс әкімі ұзындығы 16 шақырым орташа жөнделген  Победа-ст.Магнай-Новотроицкое-Станционное жолын қарады.  Қазіргі таңда 61 мың шаршы метр алаңда  салқын ресайклирлеу  жұмыстары толық аяқталды. Жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін  аяқтау жоспарлануда. Қарабалық ауылында өңір басшысы  «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып  жатқан көп қабатты үйлерді су бұру жүйесіне қосу объектісіне барып, аталған объектіні сапалы және уақытылы пайдалануға тапсыру қажеттігін атап өтті.

хат жіберу