Блог статистикасы
189
Blog
2483
Апелляциялық
99960
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 13 Июля 2017

Әулиекөл ауданына жұмыс сапары

Әулиекөл ауданына жұмыс сапары

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Әулиекөл ауданына барды.

Новонежинка ауылында Архимед Мухамбетов ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездесіп өсімдік шаруашылығы мәселелерін талқылады және майлы дақылдарға көшу керектігін атап өтті.

Бұдан әрі Аманқарағайда өңір басшысы «Инспэк» ЖШС-нің жұмысымен таңысты. Мұнда теміржол вагондарына астық тиеу терминалы салынып жатыр.  Жоба құны 300 млн.теңгені құрайды.

Облыс әкімі Әулиекөлдегі «Арна» кеспе өнімдері өндіріс цехыне барды.  Мұнда кеспенің түр-түрі және жайма да жасалады. Өңір басшысы егерде кәсіпорын Қостанай облысынан тыс өткізу нарығын игерсе қажетті мемлекеттік қолдау көрсетілетіндігін атап өтті.

Одан әрі аймақ басшысы Көктал ауылында 60 орынға арналған жаңа мектептің құрылысымен танысты. Жоба құны 250 млн. теңге. Архимед Мұхамбетов барлық жұмыстарды уақтылы және сапалы орындауын талап етті, сонымен қатар жұмыстардың жүру барысын апта сайынғы бақылауға қойды.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған»               129-159 шықырым тас жолындағы орташа жөндеу жүргізіліп жатқан учаскесіне барды. Аталған учаскіде шұңқыр жөндеу, ресайклинг және тағы басқа жұмыстар өткізіліп жатыр.


хат жіберу
E-mail