Блог статистикасы
184
Blog
2448
Апелляциялық
96392
келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 4 Августа 2017

Облыс әкімінің Рудный қаласына жұмыс сапары

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қаласына жұмыс сапарымен барып,  құрылыстың жаңа объектілерімен  және жол мен жылу жүйелерін жөндеу барысымен танысты.

Ағымдағы жылы Рудный қаласының Восточная көшесінде екі көп пәтерлі жалға берілетін үйдің құрылысы басталды. Объектілердің тапсырылуы қараша айына жоспарланған. 120 пәтер кезекте тұрғандардың арасында бөлінетін болады. "Бүкіл сыртқы жұмыстарды 1 қазанға суық түскенге дейін аяқтау қажет. Рудный қаласында тұрғын үй алу үшін кезекте бес мыңға жуық адам тұр. Егер құрылысшылар жыл сайын жаңа шағын ауданда жаңа үйлер салатын болса, онда тұрғын үй мәселесі мұндай өзекті болмайды. Тек Қостанайдың өзінде биыл 14 миллиард теңгеге жуық үй салынды. Бұл екі мыңға жуық пәтер. Егер үйлерді жақсылап салсаңыздар, жыл сайын сіздерге ақша бөліп отырамыз",- деді өз сөзінде өңір басшысы.

Одан кейін облыс әкімі қаланың автомобиль жолдарын жөндеу барысымен танысты. 25 шақырымнан аса жолды жөндеу үшін облыстық бюджеттен 740 млн.теңге бөлінді.  Қазіргі таңда жол жөндеушілердің төрт бригадасы орташа жөндеуді жүргізіп, жұмысты 32% орындады. 20 қыркүйекке дейін барлық жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.

Одан кейін Архимед Мұхамбетов Строительная көшесінде жылыту маусымына белсене дайындық жұмысы жүріп жатқан жылу жүйелерінің жөнделуін тексерді. Осылайша, жылу жүйелерінің 7 шақырымы күрделі және ағымдағы жөнделуі 95% істелінді.

Сонымен қатар, облыс әкімі  «Достық» демалыс жаңа саябағына барды, онда абаттандыру жұмыстары екі жыл бойы жүргізілді. Қазіргі таңда балалар мен ересектердің демалысы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.


хат жіберу
E-mail